Мұғалімдерді қара жұмысқа салғандар 318 мың теңге айыппұл төлейді

06.01.2020, 09:50

35

«Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы мұғалімдердіқалай қорғайды?

Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымендаярланған заң жобасын бұзғандар айыппұл төлейтін болады екен. Мәселенмұғалімге тіл гигізген адам 30 АЕК (79 530 теңге) төлейді. Егер тағы даондай жағдай қайталанатын болса, айыппұл көлемі арта түседі. Яғни 40 АЕК (106 040 теңге) төлеуі тиіс. Тіпті бес тәуліккеқамалады.

Мұғалімнің ар-намысына тиетін сөзі кәмелеттік жасқатолмаған бала айтатын болса, ата-анасы 20 АЕК (53 020 теңге) айыппұлқалтасынан қағылады. Бала бейәдеп қылығын қайтадан қайталаса 30 АЕК-ті ата-анасытағы да әмиянынан шығарады.  

Педагогтарды өз қызметіне жатпайтын жұмыстарғажұмсайтындарды да айыппұл күтіп тұр. Бастапқыда ескерту жасалады. Содан соң 20мен 120 АЕК көлемінде айыппұлдар салынады (318 120 теңге). Демек әкімдеркөше тазалату, санақ жүргізу т.б жұмыстарға ұстаздарды жегу үшін айыппұлқаражатын алдын ала қамдап қоюы керек қой. Біздің шенділерден құлық артылғанба, бір амалын табар. Бәлкім сол айыппұлдың ақшасын мұғалімдердің өзінен жинапалар.  

Сондай-ақ, заңсыз тексерістер де айыппұл арқылыжауапкершілікке тартылады. Әрине, бұл заң жобасының басқа да игілікті түстарыбар. Мәселен мектепте еңбек етеін қарапайым мұғалімнің балалары кезексізбалабақшаларға қабылданады. Бірақ көкейде бір сұрақ туындайды. Бұл заңныңорындалуы үшін тағы да бір заң қабылдана ма деген.

Фото: zhasalash.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 22:30
Ләззат Құсайынова – ғалымдардың жалақысын заңдастыру қажет
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 13:25
Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Бифат ЕЛТАЕВА 02.12.2020, 12:14
Балам ақылды болсын десе, әр ана бесік жырын айтуы керек-дефектологтың кеңесі
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:45
«Шеврон» Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық қорғау құралдарын жеткізді
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:11
Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!

Аңдатпа


  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59