Мұғалімдердің еңбекшартында туалет күзету туралы жазылған ба?

15.12.2019, 10:11

175

Түркістан қаласындағы №15 мектептің мұғаліміне қатыстыорын алған оқиғаға ұқсас жағдайларға мүлдем жол берілмеуі тиіс. Білім жәнеғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ осылай пікір білдірді.

«Білім және ғылым министрлігітарапынан бұл мұғалімді қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатынболады. Сондай-ақ, аталған оқиғаға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартудыталап ететін боламыз. Оның ішінде, мектеп әкімшілігі мен білім бөліміне деқатысты.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — ыңғайлы және қауіпсіз жағдайжасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп санаймын. Егер осындай фактілерқайталанатын болса, қатаң шаралар қолданылатын болады.Орын алған жағдайдыңсебептерін жан-жақты түсіну үшін мұғаліммен телефон арқылы сөйлестім. Жағдайменің жеке бақылауымда», — деп жазды министр facebook.comжеке парақшасында.

Бұл жағдай Түркістан қаласындағы Мағжан ЖҰМАБАЕВ атындағы№15 орта мектепте болған. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 31 жыл ұстаздықеткен Бақыт КЕУКЕНОВТЫ қалалық ішкі істер бөлімінің басшысы, полицияподполковнигі Данияр МЕЙІРХАН өзі бастап ұстап алып кеткен. Ұстаздың жазығыәжетхананы күзетпегенінде. Жалпы, мұғалімдердің еңбекшартында әжетхана күзетуітіис деген бір ауыз сөздің жоқ екені баршаға аян. Және олар еңбекақыларынберген сабақтарына орай да алады емес пе?! Сондықтан да полицияның ұстаздыңқолын қайырып, оқушылардың көзінше қылмыскердей полиция бөліміне алып кетуіқаншалықты заңға сәйкес?  

Ақпарат құралдары Данияр Мейірханның ұстаздан кешірімсұрағанын жарыса хабарлады. Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒҰМБАЕВТЫҢ да құлағынажетіп, Данияр Мейірхан уақытша қызметінен шеттетілді.

Шындығында бұл проблема тек Түркістандағы мектептердеғана емес. Басқа да өңірлердегі мектептерде әжетхана күзетіп жүрген мұғалімдерқаншама?!

Фото: arhiv.kp.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15