Мұғалімдердің жалақысы қысқара ма, БҒМ пікір білдірді

Сайт әкімшілігі

06.12.2021, 14:40

803

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде жаңа жылдан бастап педагогтардың еңбекақысы қысқаратыны туралы ақпарат таратқан. Хабарламада 30 пайыз көлеміндегі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін қосымша төлемдер алынып тасталатыны айтылған, — деп хабарлайды StopFake.kz

«Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі. Бірақ олар жаңарту үшін сыйақыны алып тастайды, яғни 30 пайызға азаяды», — дейді хабарлама авторы.

Ведомствода жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төленетінін атап өтті.

«Жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төленеді. Сонымен қатар, келесі жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша педагогтардың еңбекақысы тағы 25% көтерілетінін еске саламыз. Айта кетейік, 2020 жылы педагогтардың еңбекақысы — 25%, 2021 жылы тағы 25% өсті. Бұдан бөлек, Президенттің қолдауының арқасында, біліктілік санаты үшін қосымша ақы 30-50% дейін ұлғайтылды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Сондай-ақ, ол мұғалімдерге дәптерлерді тексеру және сынып жетекшілігі үшін үстемеақының екі есеге арттырылғанын, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жаңа санат пайда болғанын атап өтті. Министрлік қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге және желіде тараған қауесеттерге назар аудармауға шақырды

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 26.01.2022, 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 25.01.2022, 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"
Ермек Мұқанғалиев 25.01.2022, 11:46
Қазақ қайткенде ұлттық болмысын сақтап тәуелсіз ел болып қала алады?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48