Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек

Айжан БҮРКІТБАЕВА

29.10.2020, 05:03

1519

China Railway 12th Bureau Group Co., Ltd компания филиалының Мұқият Нұрландық есімді экс-жұмысшысы құм астына көміліп, жұмысқа жарамсыз болып қалған. Алайда «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» тасжолын қайта жаңартуға мердігерлік етіп жатқан Қытай компаниясы ақшалай жәрдем беруге ниетсіздік танытып отыр.

2020 жылы наурыздың 25-і күні жұмыс барысында үстіне топырақ құлап екі жұмысшы мүгедекке айналған. Алғашында CITIC Construction Co, LTD компаниясы жәбірленушінің жарақатына жәрдемдескенімен, 2-3 айлық көмектен кейін көлеңкесін де көрсетпеген. Компания заңгері материалдық шығын шашбауын көтермейтінін ашық айтып, сотқа жүгінсе зардап шегуші азаматтың өзінен ақша өндіріп алатынын ескерткен.

Осы тұста Мұқият Нұрландық аталған компанияда сақтық шаралары мүлдем сақталмағанын айтады:

– Бұл оқиға көпірдің екі жақ қанатын қойып жатқан кезде орын алды. Негізі кранмен қойылу керек болған. Бірақ бізге кран бермеді. Экскаватормен қойыңдар деді. Экскаватор айдап жүрген кісі басында 11 тонналық құмды көтере алмайтынын айтып, қарсылық танытқан. Алайда «қоймасаңдар, жұмыстан босатыласыңдар» деген соң, амалсыз қоюға тура келді. Төменге 1,4 метр шұңқұр қазып, екі жақ қанатын қойып жатқан кезде экскаватор құмды көтере алмай, 3,5-4 метрдей биіктіктегі топырақ үстімізге құлады. Топырақ астында Ғалижан Сыдықбаев деген жұмысшы екеуміз қалдық. Сол кезде басым бетонға соғылды.

Осыдан кейін Мұқияттың уақыты аурухана табалдырығын тоздырумен өткен. Оқиға салдары зардап шегушінің сол жақ бет сүйегі сынып, жоғарғы жақ сүйегі, беті ісініп, бір көзінің көру деңгейі нашарлап, тамақ шайнау қабілетінің жоғалуы мен тері асты гематомаға әкеп соққан. Алайда ауыр жағдайдағы жәбірленуші халінен бейхабар жұмыс беруші тарап 2 ай өтер-өтпестен Мұқияттың жұмысқа шығуын талап еткен.

– Басында Қытай компания филиалының директоры барлық материалдық шығынды өтеп беретіні туралы заңды қолхат берген. Алайда бірнеше айдан соң, жағдайымның аяғынан айырылған Ғалижаннан жақсырақ екенін айтып, басымды әлі таңып жүрген кезде жұмысқа шығуым керегін ескертті. Ол кезде сұйық тамақ қана ішуге қауқарым болған. Жағым шайнауға жарамай қалды. Егер жұмысқа шықпасам, жұмыс беру туралы келісімшартты бұзатынын айтып, хабарлама жіберді. Мән-жәйді анықтайын деп компания заңгеріне барып едім, 2 ай ғана жалақың төленетінін, одан әрі жәрдемдеспейтінін айтты. Оның ішіне наурыз айындағы өзімнің айлығымды да қосып отыр,  – дейді Мұқият Нұрландық.

ҚР «Еңбек кодексінің» 7-бабына сәйкес, мәжбүрлі еңбекке тыйым салынатындығы,  жұмыс беруші тарап жәбірленушіге барлық материалдық шығынды өтеп беруге міндетті екені жазылған.  Алайда жұмыстарын ҚР Үкіметінің қаражатына қамдап отырған компания заңда көрсетілгендерді салмақтап отқан жоқ. Бұл CITIC Construction Co, LTD компаниясының атқамінерлері Қазақстан азаматының құқығын құрметтемейді деген сөз.

Бір отбасыны асырап отырған азаматтың мүгедекке айналғаны қиын жағдай. Жалдамалы пәтерде шиеттей бала-шағамен нәпақасыз тәнтіректеп қалған Мұқият Нұрландық кімнен араша сұрарын білмей әлек:

– Ұзақ жүріп, қимылдасам басым айналып, тез ентігіп қалам. Қазіргі таңда жұмысқа мүлдем жарамсызбын. 3 балам, әйеліммен пәтер жалдап тұрамыз. Кішкентайым әлі 7 айлық. Жұбайым бала тәрбиесінде үйде отыр. Ай сайынғы төленетін несие төлемдері де бар. Жарақат алғалы бері банк өтемақысын төлей алмай, үстемақысы аспандап кеткен. Компания ай сайын жалақы орнына банк картама 35 мың салып тұр. Алайда несие төленбеген соң картамды бұғаттап тастады. Компанияға өтамақы сұрап, сотқа дейінгі қағаз жібердік. Олар бізбен соттасамыз деп қорқытып отыр.

Осы тұста адвокат Шыңғыс Сейфулла компанияның жалтарып отырған жәрдемін заңды түрде өндіріп алуға болатынын айтады:

– Егер жұмыс беруші болған оқиғаға қатысты  тиісті формадаға Акт түзбесе, зардап шегуші компанияның аумағы бойынша Еңбек инспекциясына арыз жазуы тиіс. Сол кезде оқиғаға қатысты жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің пайызы есептеледі. Егер жұмыс беруші тарап жәбірленушіге өтемақы төлемейтін болса, онда жұмыскер сотқа жүгіне алады. Сотта, бірінші, жоғалтқан еңбекақысын, екіншіден, денсаулығына келтірілген зардаптың, материалдық залалдар шығынын өндіріп ала алады. Ал компания заңгерінің «соттасамыз» дегені арыз жазып, дауласпасын деп қорқытып жатқандығы деп алуға болады.

Тегтер: мүмкіндігі шектеулі мәселе қауіпсіздік өндіріс аурухана жұмыс беруші тапсырыс беруші

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 12:54
«Мен орысша сөйлеуге міндетті емеспін»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12:41
Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:53
Әкімдік мамандары жәрдемақы есептерде жіпке тізгендей тергеп түгендейді-көп балалы ана
Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56