Мүгедектер сотталмай ма?

23.06.2020, 12:18

20

Елтүрмелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған

     Қарағандыдаоблыс әкімінің бұрынғы кеңесшісі,  «Лайықтыөмір» қоғамдық бірлестігінің бастығы Александр Ивкин сотталды. Арбаға таңылғанмүгедек Александр Ивкинге «алаяқтық жолмен 160 млн теңгені жымқырды» деген айыптағылған. Былтырдан бері тергеліп жатқан шулы іске жақында сот соңғы шешіміншығарды. Ірі көлемдегі қаражатты талан-таражға салды деп айыпталған І топмүгедегі Александр Ивкин бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.Сот үкімімен келіспеген Александр Ивкин:  «Өмір бойы мүгедектер құқығынқорғап келдім, сол белсенділігімнен жаза тартып отырмын», – деген пікірбілдірді.

     Шын мәнісінде«Лайықты өмір» қоғамдық бірлестігінің басшысы Александр Ивкин билік пенмүмкіндігі шектеулі жандар арасында дәнекер бола білген. Ол мүгедектерге«инвотакси» ұйымдастыруды, тегін жаялық беру мәселесін шешуде құжаттар жинап,бұл ұсынысын билікте отырғандарға ұтымды жеткізе білген.  Дегенмен тергеуорындарының мәліметінше,  Александр Ивкин мүгедектердің жеке көмекшісінесағатына төленетін 279,54 теңгені  құжатта қасақана 257,19 теңге депкөрсеткен. Сонымен қатар мүгедек көмекшілерінің қызмет  көрсететін сағатынұлғайтып жазып қойған. Осылайша артық есептеліп келген мемлекет қаражатынжымқырып отырған. Дегенмен ол бұл айыбын мойындамады.

    Сот шешімішыққан күні залда тұтқындалған Александр Ивкинді  түрмеге жеткізу жасаққызметі үшін үлкен мәселеге айналды. Далаға мүгедек арбасымен шыққанайыпталушыны мамандар  жарты сағат бойы түрмеге апаратын көлікке отырғыза алмай әуре-сарсаңға түсті. Түрмеге алып барғанда оның алдында біршамауақыт күтіп тұруға тура келген. Осы аралықта тіпті мүгедектің қан қысымыкөтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. Ақыр соңында Александр Ивкиннен коронавирусқақарсы сараптама алынып, оның қорытындысы шыққанша екі-үш  күнге үйінежіберіпті. Айыпталушының коронавирусқа шалдықпағаны нақтыланған соң ғана түзетумекемесіне жеткізілген.

    Бір апта өткенсоң мүгедекке адвокатымен онлайн режимінде тілдесуге мүмкіндік берген. АлександрИвкин Қарағанды түрмесінде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына мүлдемжағдай жасалмағанын мәлімдеген. Түзету мекемесінде мүгедек арбасы үшін пандусқойылмаған. Ол түрмеге түскенде бес адам жабылып жүріп төртінші қабатқа әзершығарыпты. Мүгедек арбасына арналған жол болмағандықтан,  оған тек дәлізгеғана қыдырып шығуға рұқсат етілген. Сонымен қатар Александр Ивкин дәретхана менжуынатын бөлмеге мүгедек арбасы кіре алмайтындықтан, қиындық туындап жатқанынмәлімдеген. Оның қасына көмектесуге санитар бөлген, алайда Александр Ивкинніңсалмағы 120 келі болғандықтан, оған да қызмет жасау қиынға соғып тұрғанғаұқсайды. «Александр Ивкиннің денесінің кеудеден төменгі жағы жансызданыпқалған,  ол тек қолын ғана қимылдата алады. Біз өз тәжірибемізде мұндайғаалғаш рет тап болып отырмыз. Түрмеде Ивкин үшін әр бөлменің есігі, дәліздердіңкөлемі – барлығы мүгедек арбасы үшін сай келуі тиіс. Алайда, оның айтуынша,мүмкіндігі шектеулі жандар үшін  мүлдем жағдай қарастырылмаған», – депмәлімдеді А.Ивкиннің адвокаты Екатерина Левицкая.
     Мүгедек сотталушыға алғаш реткездескен Қарағандыдағы қылмыстық атқару жүйесінің мамандары бұл мәселеніңбақылауға алынғанын айтып сендіреді. «Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі жанғаарналған жеке бөлме жасақталды. Түзету мекемесінде жазасын өтеушілердіңарасынан көмектесетін санитар тағайындалған, оған бұл үшін еңбекақы төленеді.Дегенмен ғимаратта жедел саты жоқ, сонымен қатар әр қабатқа көтерілу үшінпандус орнату мүмкін емес, өйткені бұл нысанның техникалық жағынан сәйкескелмейді», – дейді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысыРустам Каюпов.
    Мүгедек арбасымен түрмеге сыймай,тағдырдың тағы бір тақсыретін тартқан Александр Ивкин сот шешімімен келіспей,апелляциялық сот сатысына шағым түсірген. Соңғы үміті сол сотта…

   Арайлым ЕРКЕБАЕВА,

Қарағанды


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39