24.07.2019, 15:56
3695
Тіркелмеген «Атажұртеріктілері» қоғамдық ұйымының жетекшісі, азаматтық белсенді Серікжан БІЛӘШТІҢ ісі бойынша айыптау актісі шықты. Енді белсендінің ісі сотқа жіберіледі. Бұл туралы бүгін, шілденің24-і күні Алматыдағы «Атажұрт еріктілері» кеңсесінде өткен баспасөзмәслихатында Серікжан Біләштің адвокаты Айман ОМАРОВА мәлімдеді.
Адвокат А.Омарова баспасөз жиынында Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Өтегеновтің қолы қойылған айыптау актісін оқып берді. Айыптауактісіне қарағанда, тергеуде Серікжан Біләшқа қарсы куәлік еткен он шақтыадамның арасында белгілі ақын, Халық жазушысы Мұхтар ШАХАНОВ бар.
«Айыптау актісібойынша мына адамдар С.Біләшқа қарсы куәлік еткен. Олар: А.ТҰРАБАЕВ, Серік МҰРАТХАН, Е.МЕЛЛАТ, А.МЕЛЛАТ, Ұ.Д.БАЙТАЛАҚ, Ұ.ЗАКАН,Қ.АНИКУС, Қойшыбек МҮБӘРАК және Мұхтар ШАХАНОВ ағамыз. Яғни осы кісілердің сөздері үшін Серікжанды соттағалы жатыр. Сталиндік кезеңде донос арқылы адамдарды соттайтын. Мына жағдай да сол», – дейді А.Омарова.
Серікжан БіләшқаҚылмыстық кодекстің 174-бабының 1-тармағы (әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, рулықтектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша айып тағылып отыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР