05.11.2019, 09:40
279
Бүгін таңертең театр және кино актрисасы Раиса МҰХАМЕДИЯРОВА дүниеден озды.Биыл сексен жасқа келген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 1939 жылы 11шілдеде бұрынғы Семей облысына қарасты Көкпекті ауылында дүниеге келген еді.
Раиса МӘЖИТҚЫЗЫ көпшілікке Абдулла ҚАРСАҚБАЕВТЫҢ «Менің атым Қожа»картинасы арқылы кеңінен танылды. Мұғалім Қадиша МАЙҚАНОВА рөлін сомдағанактриса «Балалық шаққа саяхат», «Балам менің», «Бұғы адам», «Найзатасетегінде», «Қанабек», «Айсұлу туралы ертегі», «Желкен», «Менің әпкем», «Түнекәміршісі», «Ән шақырады» атты фильмдерде де ойнаған. Құрмет орденінің иегері.
Актрисамен қоштасу 7 қараша күні Ғабит МҮСІРЕПОВ атындағы театрда болады.
Фото: sputniknews.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР