Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Сайт әкімшілігі

22.01.2021, 12:30

1572

Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері нәресте өлімі ісі бойынша бұрынғы әріптестеріне шыққан сот үкімімен келіспей отыр, деп хабарлайды «Жас Алаш». 

Медицина қызметкерлері жаза мерзімін қысқарту керектігін айтты. Облыстық перинаталдық орталықтың директорының м.о. Асқар Кенжеғалиев: 

— Ешқайсымыз сот үкіміне қарсы емеспіз. Алайда біз өз ұсынысымызды құжат жүзінде рәсімдеп, Мемлекет басшысына жеткізуге құқығымыз бар деп есептейміз. Жазаны жеңілдету үшін шаралар қолдануға болады деп үміттенеміз. Себебі әріптестерімізге өте ауыр жаза ұсынылды. Осы уақытқа дейін олар көптеген бала мен ананың өмірін сақтап қалды, қанша отбасыға бақыт әкелді! Болашақта да әріптестеріміз қоғамға үлкен пайда әкеле алады. Медицина қызметкерлері сот процесі біржақты өткеніне наразы", — дейді .

Ол мұндай жағдайға әріптестері бей-жай қарамайтынын да атап өтті:

«Осындай қиын жағдайда біздің медицина қызметкерлері қалыпты жұмыс істеп, тікелей міндеттерін орындай алмайды. Мұның себебі осыда екенін жасырмаймын. Көпжылғы еңбекке қарамастан мұндай болатыны мүмкін екенін елестете алмадық. Осыдан кейін біздің жас мамандардан не күтуге болады? Олар көздегі ұшқынсыз қалай жұмыс істейді? Осының бәрін ескере отырып, біз Мемлекет басшысына, дәрігерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық ұйымдарға, кәсіподақ ұйымдарына жазаны жеңілдету туралы өтінішпен жүгініп, өз үлесімізді қосқымыз келеді», — деп қосты А.Кенжеғалиев.

Ал орталық ұжымы сот үкімімен келіспей, жұмыстан босату туралы жаппай өтініш жазғаны туралы ақпаратты дәрігер жоққа шығарды.

Деректер бойынша, медицина қызметкерлерімен мәслихат депутаттары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков пен әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова кездесу өткізген. Олар дәрігерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Бұған дейін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұздатқыштағы сәбидің өлімі туралы іс бойынша облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, Асқар Қайыржанды 16 жылға, Тамила Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде Атыраудағы перинаталдық орталығында жанжал шықты. Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері Атырауда жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.

Дәрігерлер бала туғаннан кейін немқұрайлы қарап, өлі туды деп жазып жіберген, бірақ іс жүзінде бала тірі болған. Бала тіршілік белгілерін көрсете бастағаннан кейін дәрігерлердің оны жансақтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндігі болғанымен,  толтырылып қойған құжаттарға сәйкес әрекет етуді ойлап, артынан оқиға жаңа туған нәрестенің өлімімен аяқталған. Дәрігерлердің бұл әрекетіне себеп ретінде базада толтырылып қойған және түзетілмейтін құжаттардың бары аталған.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева бірден отставкаға кетті. 2020 жылғы ақпанда оған ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық») бойынша кінәлі деп танылып, бес миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 14:38
Әлемдегі ең қымбат дәріні еккен қазақстандық бала көз жұмды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49