«Мықтыларымызды қызметтен қуып, соттап, өлтіріп тастадық...»

Айдын ОЛЖАЙ

21.06.2022, 08:26

7512

Жазушы және публицист, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам «Баспасөзіміз отыз жыл бойы дамымай, әбден артта қалды» – дейді. 

Осыдан сегіз жыл бұрын «Қазақстанның бұрын-соңды ешқашан өз мемлекеті болмаған», деп желпінген Путиннің аузына бұл сөзді салып берген Назарбаев еді. Қазақтың тұңғыш мемлекетін құраушысы ретінде бір өзін жариялау үшін. Сонысымен, Ресей пропагандасына үлкен жол ашып берді, қазақты тұқыртуға тағы бір тақырып тауып. Кеосаян, Симонян, Соловьев бастаған орыс пропагандистері, шындығында, орысқа үлкен зиян әкелуде. Ал Украинаның пропагандистері орыстардың жанында әлдеқайда ирониялық, адам сенетіндей, боқтықты қолданса, орнымен ғана қолданып, жұмсақ әдіспен-ақ жеңіп жатыр. Қазақстан қанша жерден орысша сөйлегенімен, біздің еліміз – Украина жағында.

– Біз кеңес одағының құрамында болдық. Ол кезде орыстың бұқаралық ақпарат құралдары барша одаққа хабар тарататын. Бірақ одақтың көзі құрығалы отыз жыл өтіп кетсе де, орыстың ақпаратын қазаққа тарату жалғасуда. Ақпараттық кеңістігіміз сол күйі Ресеймен ортақ болып қалды. Бұған жалғыз ресейдің пропагандистері кінәлі емес. Қазақстанның өз баспасөзі өте әлсіз. Біздің баспасөзіміз құрығанда, украиндықтардай болғанда, Ресей пропагандасы оңай залалсыздандырылар еді. Ресейдің телеарналарына тыйым салу керек, бірақ одан бұрын өз баспасөзімізді дереу күшейтуіміз қажет.

Әсіресе, телеарналарымызды. Қазақстанның барлық проблемасына кадрлық саясат кінәлі. Тәуелсіздіктің басында кәдімгідей, тәуелсіз телеарналарымыз бар еді. Содан кейін жоғарыдан нұсқау келіп, мына адамдарды жолатпаңдар дейтін, «қауіпті» кадрлардың қара тізімі жасала бастады. Солай телеарна мен баспасөз атаулының бәрі бір адамды ғана жатпай-тұрмай, ұлықтаумен айналысып келді. Баспасөзімізге де автократия орнатып тастады. Баспасөзіміз отыз жыл бойы дамымай, әбден артта қалды.

 Бәрін адам шешеді. Дамыған елдердің бәрінің кадрлық саясаты дұрыс болған. Бізде билікті ал, баспасөзді ал, кез келген саланы ал – басқару кілең нашар кадрлардың қолында. Бір журналист шықсыншы, шындықты бетке айтып, ол көп ұзамай, қызметінен қуылады. Ал журналистикасы мен телевизиясы өлген елді дамыту мүмкін емес. Дамудың демократиялық бағытына түсуіміз керек дейміз. Бірақ біз қазір бас салып, өзгере алмаймыз. Отыз жыл түрмеде болған, дым дамымаған, дұрыс тамақ ішпеген, экономикасы күйреген, жемқорлыққа әбден батқан, өтірікке малынған ел бірден түзелмейді. Бұған бір адам мен оның айналасындағылар кінәлі.

Енді елімізді өркениет жолына түсірудің нақты жолы – біртіндеп кадрларды ауыстыру, реформаларды қолға алу. Ал Тоқаев расында да, әзірге, ескі кадрлармен Жаңа Қазақстан құрмақ деген әсер қалдыруда. Ескі кадрлар неге әлі жүр? Қоғам сауалы осы. Асығудың керегі жоқ. Бас салып демократия құра салсақ, трайбализмнің көкесіне тап боламыз. Өзгеріс біртіндеп енгізілуі керек және өзгерісіміз ешқашан тоқтамауы керек. Жүре келе, тек үдей беруі тиіс. Қазақстан сонда өзгереді. Қазақстанның ең ақылды адамдарының идеяларына негізделген стратегия қажет. Санасы ояу, көкірегі ашық деген мықтыларымыздың бәрін қызметтен қуып, соттап, өлтіріп тастадық.

Назарбаевтың басты кінәсі – елдің ең мықты кадрларын қудалады, жоқ қылды. Билікке өзіне қарсы келе алмайтын құл-құтанды қаптатып әкелді. Ал ондайлар мемлекет мүддесін ойламайды, – дейді дейді саясаттанушы «Kz Пульс» арнасына берген сұхбатында.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлия ТАУКЕНОВА 24.06.2022, 12:50
Мерғалиға ауылдың бір көшесін неге қимадық?
М.СӘУЛЕБЕК 23.06.2022, 16:40
Түркістан медицинасы үздіктердің қатарында аталды
М.СӘУЛЕБЕК 22.06.2022, 16:50
Мегаполис атанған Шымқалада не өзгерді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.06.2022, 11:00
Флораға жұтаң Қарағанды шөлейттегі шаhар ма?
М.ЖӘНІБЕКҰЛЫ 22.06.2022, 08:36
Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 21.06.2022, 11:40
«Билайн» балаларды неге соттайды?

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33