Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?

Сайт әкімшілігі

20.10.2020, 08:28

3179

Құрметті редактор мырза! Төмендегі мәлімдемемді «ЖасАлашта» жариялауды және ол материалды кім жазғанын анықтауды өтінемін    Құрметпен Мырзан Кенжебай

«Жас Алаш» газетінің 13.10.2020 санында "Аударма бюросы ма, әлде тамыр-таныстық па?" деген пасквиль жарияланыпты. Авторы Мырза Кенже деген бүркеншік есімді. Бұл Жазушылар Одағының бұрынғы басшылығының билік басындағы бүгінгі кейбір арқасүйер пірлері бастап, бержағындағы кешеге шейін Жазушылар Одағы деген киелі мекеме басшылығында болып сол киелі атауды пайдаланып, басқа ұрлық-қарлықтарын былай қойғанда ЖО ның мүшесі деген атаққа шейін сатып қадірін кетірген топтың залымдық әрекеті.Менің есімімнің соңғы Н қарпін алып тастап Мырза деп, Кенжебайдың соңғы үш қарпін алып тастап Кенже қып менің атымнан Ұлттық аударма бюросына, Жазушылар Одағының жаңа басшылығына кір келтіретін сандырақнамаларын «Жас Алашқа» жариялатып арандатып отыр.Қайталап айтамын: Бұл Жазушылар Одағының, ақын-жазушы деген құрметті атаудың 22 жыл бойы қадірін кетіріп,өлгенше кетпейміз деп өлігін сатқан бұрынғы басшылықта болған арамзалардың арандатуы деп білу керек.

МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙ ақын, халықаралық “Алаш” сыйлығының иегері

Редакциядан: 

Газетіміздің №82 санында авторы Мырза Кенже деп көрсетілген «Аударма бюросы ма, әлде тамыр таныстық па»......  атты мақала жарық көрген еді. Алайда кеше редакциямызға ақын Мырзан Кенжебай хабарласып, мақалаға (хат мәтіні жоғарыда) өзінің ешқандай қатысы жоқ екендігін жеткізді.

Қазір редакция өз тарапынан мақала авторы кім екенін  анықтау үстінде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 16:28
Шолақайдағы жантүршігерлік оқиға: күдікті туралы деректер айтылды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 15:30
Қашықтан оқыту енгізілмейді
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 14:30
Қазақстанның солтүстігі Ресейге қосылуы керек деп мәлімдеген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Аңдатпа


  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47
  • Халықты жоқшылық қысып барады...
    01.08.2022, 13:40