Н.Ноғаев: Мектеппен қоштасу кешіне шығынданудың қажеті жоқ

20.04.2018, 18:37

128

Атыраулық мектеп түлектерін білім ордасымен қоштасу балын қарапайым өткізуге шақырды облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ. Кеше 19 сәуір күні облыс әкімі апаратының жиынында өңір басшысы мектептерді жөндеуге ата-аналардан қаржы жинауға тиым салынатынында айтты. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының аймақтағы тілшісі хабарлайды.

Оқу жылының аяқталуына аз қалды. Мектептің «бес минутсыз» түлектері бұл күнге «Оскар» салтанатынан кем дайындалып жүрген жоқ: қос-қостан кешкі көйлек, мейрамхана, лимузин… Кейбір ата-аналардың сол үшін тіпті несие алатынын естіген Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев көпшілікті «соңғы қоңырау шараларын қарапайым өткізуге» шақырды. Аймақ басшысының айтуынша, «көрпеге қарап көсілгеннен» шараның маңызы кеміп қалмайды, қайта әке-шешелер балаларының ығына жығыла бермей, осы жайды дұрыстап түсіндіркі керек. Оның үстіне, ас та төк салтанатты біреудің жағдайы көтерсе, біреудікі көтермейді. Сол сияқты, мұғалімдерге сыйлық беруді де сынға алған әкім, керісінше, мектеп басшылары мен ұстаздар үлкен өмірге қадам басқалы тұрған, алда талай қиындықтармен бетпе-бет келетін шәкірттерімен сөйлесіп, оларға ақыл-кеңес беріп, жігерлендіргені жөн деп санайтынын жеткізді.Ал ата-аналардан білім ошақтарын жөндеуге қаржы жинауға үзілді-кесілді тиым салынады. Бұл мақсатқа былтыр бюджеттен 116 млн.теңге, биыл 135 млн.теңге бөлініпті. Демек, біреудің қалтасына салмақ салатындай қажеттілік жоқ. Облыстағы білім беру ұйымдары басшыларының басын қосқан Нұрлан Асқарұлы ақша жинау дерегі анықталған жағдайда мектеп директорынан бастап тиесілі адамдардың заң жүзінде жауапкершілікке тартылатынын қадап айтты.                                                                                      Құралай ҚУАТОВА, Атырау                                                                                       Фото: pricom.kz 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Сайт әкімшілігі 09:22
COVID-19: жаңа симптомдар туралы мәлім болды
Сайт әкімшілігі 09:13
512 қазақстандықтың жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр

Аңдатпа


  • Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
    11:08
  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30