Надыров коронавирус жұқтырып, Әбілдаев орнында қалды

22.04.2020, 07:40

125

Кеше ғана Алматы қалалық Қоғамдық  денсаулық сақтау басқармасынатағайындалған Камалжан Надыровтан бүгін короновирус инфекциясы анықталды. Б

ұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Фейсбуктегі  парақшасында былай деп жазды:

  Кадрлық ауыс-түйіскеқатысты

— Кеше Үкімет қаулысымен КамалжанТалғатұлы Надыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Денсаулық сақтаувице-министрі қызметінен босатылды.

Алматы қаласында коронавирустық инфекциякеңінен тарап, жағдай қиындаған соң Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыныңқазіргі басшысы Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев отставкаға кету туралы өтінішбілдірген болатын. Қаладағы команданы күшейту мақсатында басқарма басшысылауазымына К.Т. Надыровты тағайындау жоспарланған еді. Алайда, кеше кешкісін К.Т. Надыровқа коронавирустық инфекция жұқтырғандеген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты.

Әріптесім, Камалжан Талғатұлының тез сауығыпкетуіне тілектеспін және қолдау білдіремін!

Осы жағдайға байланысты Алматы қаласыәкімінің келісімімен Т.Ш. Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтінішітоқтатылды.

Жалпы, Алматыдағы COVID-19 қатыстыжағдай мемлекет және қала басшылығының ерекше бақылауында. Бүгін таңғы мәліметбойынша мұнда 678 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды, скрининг нәтижесінденауқастардың жартысына жуығы медицина қызметкерлері екені белгілі болды.Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы індеттің ошағы оқшауландырылды, барлықпациенттер, коронавирустық инфекция диагнозы расталған қызметкерлер қаладағыстационарларға орналастырылды және емделуде. Аталған аурухананың ғимараттарытолық дезинфекцияланады, стационар содан кейін ғана науқастарды қабылдауғакіріседі.

Кадрлықауыс-түйіске қатысты Денсаулық сақтау министрі Біртановтың жағдайды түсіндіргенжазбасы осылай аяқталды. Бұған дейін  «Жас Алаш» Алматы қаласы денсаулық сақтаубасқармасына жаңа басшы келгенін жазған болатын. Енді Надыровтың вирусжұқтыруына байланысты Әбілдаев отставкаға кетпейтін болды.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:38
Алматының дәрігерлері Бекшин айтқандай "құрылыс костюмін" киіп жүр ме?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:27
Он жылдан бері ауызсуға зәру
Серік ШАЙМАН 08:40
«Алло, Ахметов мырза! Сіз неге үндемейсіз?»
Сайт әкімшілігі 20.04.2021, 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 20.04.2021, 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32