Нәлібаев көшедегі Назарбаевқа ғана жауап береді

28.08.2019, 14:12

177

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ әлі күнге Назарбаевты президент санайтындай. Қаладағы мекемелердің бірінің алдында бүгінге дейін тұрған «ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев» деген жазуы бар билборд фотосы желіге тарап, жұрт сынының астында қалды. Талқыға түскен билбордтыңсуретін Оңғар Саймосаев есімді  қолданушы желіге салған.

«Мына билборд военкомат жақта неғып тұр?Қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт ТОҚАЕВемеспе? Ішкі Саясат басқармасы неге осындайлардықадағаламайсыздар. Әлде салқын кабинеттеншыққыларыңыз жоқ па? Жалпы Қызылорда облысы бойынша идеология саласына жауаптыадам бар ма?», — деп жазған Оңғар САЙМОСАЕВ facebook.comәлеуметтік желісіндегі өзпарақшасында.


Ал билборд Қызылорда облысының қорғаныс департаменті ғимаратының алдынаілінген. «ЖасАЛАШ»тілшісі осыған байланысты қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысыРуслан КАЮПОВҚА хабарласып көрген еді. «Біз көшеде тұрса жауап береміз. Ол ішіндетұр ғой (ғимараттың)» — деп жауап берді әкімдік өкілі.

2019 жылдың9-маусымдағы сайлаудан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев президент болса да, әлі күнге ҚРпрезиденті Назарбаев деп көлемді әріптермен жазылған билборд нақ көше беткеқарата орналасқан. Соған қарағанда, ішкі саясат бөліміндегілер бұл жайлы білмейкелген болуы керек. Дегенмен сайлаудан бері екі айдан аса уақыт өтсе деауыстырылмаған билборд бүгін ғана алынып тасталды.


Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15