Науқас күдікті абақтыға неге қамалды?

23.07.2020, 12:28

12

Карантинде өкпесі қабынып, ауруханаға түскен күдіктінітергеу соты уақытша ұстау изоляторына қамамақшы. «Ауыр халдегі науқасты  қайта темір торға қамау одан сайын дерттіасқындыруы мүмкін», – деп күдіктінің жақындары шырылдайды. «Қылмысы әлі толық дәлелденбеседе, сот неліктен қатал қадамға барғаны түсініксіз», – дейді әділдік іздепжүрген отбасы.

Төрт айдан бері тергеу абақтысында отырған Арлан Аңдасовосыдан он шақты күн бұрын қалалық ауруханаға жатқызылған екен. «Екі өкпесібірдей зақымданған ол ауруханаға келгенде жағдайы тым ауыр болды» дейдідәрігерлер. Тест қорытындысы бойынша коронавирус жұқтырғаны да анықталыпты. Әліде емі жалғасып жатқан жанды қайтадан уақытша ұстау абақтысына отырғызады дегенхабар Аңдасовтар отбасының үстерінен жай түсіргендей болыпты.

– Не деген сұмдық бұл? Ауырып жатқан адамды күзетпенқадағаламақшы. Уақытша ұстау абақтысында оны емдейтін жағдай жоқ. Қазір сауадамдар да аяқастынан кетіп жатыр. Ауруханада жатқандардың кейбірін тіпті ақхалаттылардың өзі ажалдан арашалай алмай жатқанда індетке шалдыққан адамдыабақтыға қамау дертті одан сайын асқындыратыны анық, – дейді Клара Аңдасова.Айтуынша, қазір Арлан Аңдасовтың жағдайы жақсарды дегеннің өзінде, теміртордағы басқа жандарға вирус жұқтырмайтынына ешкім кепілдік бермейді. Ал еңқиыны, дәрігерлер ауруханадағы күдіктінің созылмалы аурулары бар екенін айтыпотыр.

– Қосымша аурулары бар екені анықталды. Яғни қант диабетіжәне артериялық қан қысымы жоғары көтеріліп кеткен. Қазіргі кезде ем жүргізу оңнәтиже беріп келеді. Ем әлі де жалғасып жатыр, – дейді Қызылорда қалалықпровизорлық стационарының дәрігер-терапевті Назерке Бейсенбекқызы.

Бұл жайтқа орай, сот әзірге ешқандай жауап бермейтінінайтты. Ал «бауырымызды үйқамаққа босатса екен» деген Арлан Аңдасовтың жақындарыенді президенттен көмек сұрамақшы.

Нұрәли САҒАТ

Қызылорда облысы




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34