Назарбаев орденінің иегерлері

22.06.2019, 16:31

498

28мамыр күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен Ресейпрезиденті Владимир ПУТИНДІ «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орденмен» марапаттаған еді. Сол кезде есімсойы ұзақ мемлекеттік награда туралы алғаш естігендер де болды. «ЖасАЛАШ»өз оқырмандарына бұл орден мен онымен марапатталғандар туралы ақпаратберуді жөн санады.

Айтпақшы,биыл бұл орден Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВ пен БелорусьРеспубликасының президенті Александр ЛУКАШЕНКОНЫҢ да кеудесіне тағылды.

«ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орден»2001 жылдың 3 мамырында пайда болды. Ол Қазақстанға еңбегі сіңге ел азаматтарымен шетелдіктерге де беріледі. «Алтын қыран», «Отан» ордендерінен кейін жоғарғынаграда болып есептеледі. Осы уақытқа дейін дизайні төрт рет өзгерген.

Назарбаеватындағы орденде Елбасының бейнесі бар. 750 пробадан жасалған орден гауһартаспен де әшекейленген. Бұл марапатқа Қазақстанда да бір қатар саясаткерлер иеболған. Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ саясаттағы өзінің аса сенімді серіктері Владимир НИ,Нұртай ӘБІҚАЕВ, Сарыбай ҚАЛМЫРЗАЕВ, Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ, Ахметжан ЕСІМОВ, ДаниалАХМЕТОВ, Қырымбек КӨШЕРБАЕВТАР марапатталған.

Қазақстантарихында үкіметті ең ұзақ жыл басқарған Кәрім МӘСІМОВ 2010 жылыпремьер-министр кезінде орден иегері атанды. Соңғы кездері елші болып Назарбаевмаңынан алыстап кеткен Иманғали ТАСМАҒАНБЕТОВ президент әкімшілігінің жетекшісіболған саяси карьерасындағы тамаша 2004 жылы  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орденін» алған еді. Владимир ШКОЛЬНИК,Нұрлан НЫҒМАТУЛИН,Қанат САУДАБАЕВ, бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Әнуар СӘЙДЕНОВта осы қатардан.

Бұлмарапат Халық қаһармандары ішінен Талғат МҰСАБАЕВҚА, ал жазушылардан ӘбішКЕКІЛБАЕВҚА бұйырған. Айтпақшы, қазір өзін саяси иммигрант сезінетін ВикторХРАПУНОВ Шығыс Қазақстан облысын басқарған жылдары Елбасы атындағы орденменмарапатталған. Храпунов Швецарияға бұл орденді өзімен бірге алып кетті ме екен?Спортшылардан 2018 жылы қазақтың даңқты кәсіпқой боксшысы Генадий ГОЛОВКИНГЕберілді.

Әрине,бұл орденнің иегерлерінің ішінде  Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-ЖомартТОҚАЕВ та бар.  

Фото:gorod55.ru

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:23
Республикалық семинар өтеді
Сайт әкімшілігі 14:00
Қазақстан шетелдіктерге Egov арқылы ЖСН алуға тыйым салды
Қ.БАЛАБИЕВ 12:45
Конституциялық реформа жарқын болашағына бетбұрыс
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2022, 14:20
Ұмыт қалған ұлттық тағамдар: дайындау әдісі
Кемел ЖАН 26.05.2022, 13:15
Жемқорлық туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар
Сайт әкімшілігі 25.05.2022, 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47