24.05.2019, 17:14
139
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ уақытша президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВПЕН қалай танысқанын айтты. Бұл жайында ол «Нұр Отан» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабы өкілдерімен кездесуде еске алды деп жазады BNews.kz.
Қазақстанныңалғашқы президентінің айтуынша, олар алғаш рет 1984 жылы кездескен. Ол кездеТоқаев КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде қызмет істеген. Ал Назарбаев Совет одағыделегациясымен Қытайға іссапармен барған...
«Жоғарғы советтіңделегациясы құрылды, біздің сол делегация құрамында бізге қытай тілін аударуғакөмектесіп бір жас жігіт жүрді. Ол онда КСРО-ның Қытайдағы елшілігіндеістейтін. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаев болатын. Мен оны сол кезде алғаш көрдім, — дейдіНазарбаев.
Одан әрітәуелсіздік алған соң Тоқаевты Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасарықызметіне шақырған. Содан бері бірге қызмет істесіп келе жатқанын және оны өтежақсы білетінін айтады экс-президент.
«Мұның бәрін менбұл адамды қаншалықты жақсы білетінімді жұрт түсінсін деп айтып жатырмын.Барлық қырынан. Адамды тану үшін оған әр түрлі қырынан қарау керек, — деді ол.
Фото: bugin.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР