Назарбаева: Қаласаңыз, бәрін ұрысып, сынай беріңіз

21.02.2019, 19:40

103

Қазақстан парламентінің сенат депутаты, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева «сөз бостандығына баға беретін түрлі рейтингтерге күмәнмен қарайтынын» айтты.Назарбаева «Сөз бостандығы индексінде» Қазақстан көрсеткіштерінің нашарлағаны" жайлы сұраған журналистке: «Сөз бостандығы жоқ деп санайсыз ба?» деп қайтара сауал қойып: "Қаласаңыз, бәрін ұрысып, сынай беріңіз. Әлеуметтік желіде бәрі ашық жазылады. Қандай рейтингті айтып тұрғаныңызды білмеймін", деп жауап берді.       Назарбаеваның айтуынша, «рейтингтің бәріне сене беруге болмайды — бәрі рейтингті кім, не үшін құрастыратынына байланысты».«Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымының былтыр сәуірдегі есебінше, Қазақстандағы сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігінің жағдайы нашарлай түскен. Астана «баспасөз еркіндігі рейтингінде» 54,41 ұпаймен 158-орында тұр. «Елдегі репрессия спиралі төмендеген жоқ. Қазақстанды отыз жылға жуық үздіксіз басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ізбасары туралы айтылмайды. Ал Назарбаев билікті өз қолына алып, оны сақтап қалу үшін қысымды күшейтті» деп жазады ұйым.Зерттеу авторларының айтуынша, Қазақстандағы негізгі оппозициялық газеттер 2012 жылы жабылды. Қалғандары көптеген айыппұлдардан кейін жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. «Шекарасыз тілшілер» ұйымы Қазақстанда 2017 жылы БАҚ туралы заңға өзгертулер енгізілгенін, бұл заң журналистердің жұмысын қиындата түскенін жазады.«Журналистер көп қудалауға ұшырайды. Қазір ел билігі интернетті бақылауға алған. Елде сайттар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер көп бұғатталады» деп жазылған зерттеудің Қазақстан туралы бөлігінде.Дереккөз: Азаттық радиосы
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді
Еркежан Арын 07.05.2021, 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 07.05.2021, 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56