Назарбаевпен бірге оқығандарға да қошемет жасалуда

11.04.2019, 16:35

114

Елордадағытеміржол вокзалына «Нұр-Сұлтан» атауы беріліп, президент Тоқаев сайлаудыңмерзімін жариялау үшін тұңғыш президентпен ақылдасып жатқан кезде Түркістан облысыныңхалқы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ мектеп қабырғасында және Днепродзержинскіде біргеоқыған сыныптас, курстас достарын қарсы алды.

Әдетте экс- президентпен біргеоқығандардың естеліктері, олар туралы сұхбаттар, мақалалар  6 шілде — Н. Назарбаевтың туған күні қарсаңындажарияланып жатушы еді. Бұл жолғы шараның жөні бөлектеу болды. Отырар ауданы әкімдігініңтаратқан мәліметіне қарағанда, құрметті қонақтарды аудан әкімі Ерлан АЙТАХАНОВзор қошеметпен күтіп алған. Қонақтар Арыстан бап кесенесіне зиярат жасап, әруақтарғаҚұран бағыштап, келесі жылы туғанына 1150 жыл толатын энциклопедист-ғалым ӘбуНасыр әл-Фараби мен Мысыр елін 18 жыл билеген даңқты қолбасшы СұлтанБейбарыстың Дамаскідегі зираттарынан әкелінген топырақтар салынған кешен-тақтаорнына тағзым еткен. Өмірдің ащы-тұщысын қатар көрген қариялар тұңғыш президенттіңҚазақ мемлекеттігін қалыптастырудағы ерен еңбектеріне ерекше тоқталып, жастарғағибратты әңгімелер айтып, естелік суретке түскен. Осыдан кейін қонақтар ауданбасшысына алғыстарын айтып, киелі Түркістанға қарай аттанған.

Қысқасы, ұзақ жылдық көшбасшылық бейнеттің зейнетін Н.Назарбаевтың құрдастары да көріп жатыр. Байқасаңыздар, тұңғыш президенттің отставкіге кетуімен Н.Назарбаевты мадақтау күннен күнге үдеп бара жатқандай. Соңғы апталарда Шымкенттің көшелеріне «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деп жазылған экс-президенттің әдемі суреті бар плакаттар іліне бастады.

Фотоларды авторұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51