«Неге Ленин ескерткіші қиратылмайды?»
Қостанай облысында қазақ батырларының рухына арналған ескерткіш әкімдіктің рұқсатымен қиратылды. Ұялы телефонға түсіріліп, әлеуметтік желіге тараған бұл көрініс көпшіліктің ашуын келтірген еді. Себебі, астына арғымағын мінген жауынгердің мүсіні халықтың қаражатымен тұрғызылған екен. Ал, қоғам белсенділері болса, ұлттық идеалогияны насихаттайтын мүсіндерді құртқанша, кеңестік кезеңнен қалып кеткен ескерткіштерді жоюды талап етіп отыр.[caption id=«attachment_17125» align=«alignnone» width=«1000»]

Қазақ хандығының 550 жылдығына қойылған ескерткіш[/caption]Оқиға Қостанай облысы Қарабалық ауданында болған. Техникамен тартқылап, астындағы арғымағымен бірге қазақ батырының мүсінін әп -сәтте үгіндіге айналдырды. Әлеуметтік желіге тез тараған бұл видео талайлардың ашуына тиді. Қоғам белсенділері мұндай қазақ ұлтының болмысын дәріптейтін ескерткіштерді құртқаннан гөрі, халыққа Қызыл террор жасаған большевиктердің мүсінін қиратуды ұсынып отыр. Мәселен, Көкшетаудың қақ ортасындағы саябақта Лениннің мүсіні қасқайып әлә тұр. Ұлт жанашыры Есболат ДҮЙСЕНБАЕВТЫҢ айтуынша, Кеңес кезеңінде үстемдік еткен Ресейдің өзі лениншілдіктен әлдеқашан арылған. «Ленинградты Санк-Петербург атауына өзгерту соның бір дәйегі», – дейді.[caption id=«attachment_17126» align=«alignnone» width=«1000»]

Есболат Дүйсенбаев[/caption]
– Мына Қостанай облысының азаматтары Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салынған ескерткішті бұзып жатқанын көргенде төбе шашымыз тік тұрды.Оның орнына ұлттық мүддеге қарсы идеология жүргізген, діни ерекшеліктерімізді жоққа шығарған кезеңнен қалған ескерткіштерді неге алып тастамайды? Мәселен, Лениннің мүсіні немесе генерал- губернаторлардың ескерткіштері сақталып қалған жерлердің бар екенін байқаймыз. Ескерткіштер бұл сәулет өнер шеберлерінің еңбегі. Оны жойып жіберуге де болмайды. Белгілі бір жабық орындарда сақтап қою керек. Ал, қоғамдық орындарда ондай кереғар ескерткіштерді алып тастау керек деп санаймын, – дейді «Ел бірлігі» ҚБ Төрағасының орынбасары Есболат Дүйсенбаев. Кеңес үкіметін еске салатын ескерткіштер әсіресе солтүстік пен шығыс Қазақстанның көрнекті жерлерінде көп сақталған. Уақыты жеткеніне қарамастан, оларға тиіспей осыдан үш жыл бұрын кәсіпкерлер мен халықтың жинаған 600 мың теңгесіне салынған қазақ батырының ескерткішін қирату нағыз опасыздық деп санайды белсенділер. Десе де, Қарабалық аудандық әкімдігінің бұған айтар өз уәжі бар. Мүсінді неліктен қиратқанын Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Анаргүл ШАМЕНОВА түсіндіріп берді:
–Бұған дейінгі тұрған ескерткіште жарықтар пайда болды. Мүсіннің орнына Қарабалық батырдың ескерткіші тұрғызылатын болады. Онымен "Қарабалық" қоры айналысып жатыр. -Неліктен басқа жерге салынбады?
-Оның себебі ауданның негізгі кіреберісінде, көрінетін жерде орналасқандықтан сол орынға салу керек деп шешілді. Ол жерге ескерткіштен бөлек абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Қобыландының ұрпағы саналатын Қарабалық батырдың мүсінін тұрғызуға 40 миллион теңге жұмсалмақшы. Жаңа ескерткіш қазан айында тұрғызылады деген жоспар бар.Фотолар автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:
Еркежан АРЫН
18:00
«Жасыл Қазақстан» экологиялық мәдениетімізді көтере ала ма?!
Жанна АХАТҚЫЗЫ
15:26
Әйел өз құқығын білуі керек
Досхан ЖЫЛҚЫБАЙ
13:13
ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ...
Нұрболат ӘЛДИБЕК
09:37
Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
Сайт әкімшілігі
07.06.2023, 17:40
Маңғыстау туризм орталығына айнала ма?!
Еркежан АРЫН
07.06.2023, 14:15
QR-код: тұтынушының құқын қорғай ала ма?