13.12.2021, 08:33
1074
Нұр-Сұлтандағы теміржол вокзалының 2-ші жолында электр тогына соғылып, механик қаза тапты, — деп хабарлайды «Жас Алаш» ҚР ІІМ көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Алдын ала мәліметтер бойынша ер адам Нұр-Сұлтан — Жезқазған бағытындағы №107 пойыз вагонының төбесіне көтеріліп, сол жерде электр тоғынан жарақат алып, көз жұмған.
«Бұл дерек Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жарияланбайды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР