"Нұр Отан" мұғалімдерге қорған бола ма?

14.11.2019, 14:40

44

«Нұр Отан» партиясы құқықтық кеңесінің кеңейтілген отырысында «ұстаздармәртебесі» жөніндегі заң жобасы қаралып, мектептерді себепсіз тексеру мәселесіталқыланды. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы СәкенСәметтің сөзінше, соңғы екі жылда жазғы демалыс уақытында мектептерде әртүрлібағытта 9,5 мың тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның 80 пайызы ешқандай нәтижебермеген.

«Қазір СЭС 25 бала оқитынсыныптарда 40 бала оқығаны үшін мектеп директорларына 500 мың теңге айыппұлсалуда. Бұл директор жауап беретін мәселе емес. Ол осыншама баланы өз қалауыбойынша алған жоқ. Қазір үш ауысымда оқыту мәселесі бар. Сол себепті мен құқықтық кеңес назарын осыған аударғым келеді», — деді Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетов.

Өз кезегінде партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұстаздардыңжұмысы есеп беру құжаттарын жазу емес, бала оқыту деді.

«Көптеген құрылымдар қайдағыбір сандардың артынан қуамыз деп, өз істерінің дұрыстығын дәлелдеу үшін осындайтүсініксіз дүниелер жасайды. Бұл сұрақтарды заңға өзгеріс енгізбей ақ шешугеболады. Бірақ «Нұр Отан» партиясының құқықтық кеңесі құрылымдық мәселені шешуүшін тиісті ұсыныстар жасауы керек», — деді Байбек.

Бұдан бөлек, жиын барысында «ұстаздар мәртебесі» туралы заңның қазіргінұсқасында алдағы бес жылда мұғалімдердің жалақысы, қосымша жұмыстары мен еңбекдемалысына берілетін қаржыны арттыру үшін 5,2 триллион теңге бөлуқарастырылғаны сөз етілді.

Бүгін Бауыржан Байбек бастаған «Нұр Отан» партиясының мүшелері қозғаған ұстаздар мәселесі бұған дейін де сан рет айтылған. Осы уақытқа дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ұстаздардың мәртебесін көтеруқажеттігін айтып, бірнеше рет мәлімдеме жасаған. Ол тіпті «барлық мектептерНазарбаев зиаткерлік мектептерінің білім беру стандарттарына ауысуы тиіс»деген.

«Мемлекеттік мектептер Назарбаевзиаткерлік мектептерінің білім беру стандарттарына өтуі қажет. Бұл орта білімсаласындағы бітпейтін реформалардың шешімі болуы тиіс. Бағалау жүйесіхалықаралық стандарттарға сай болуы керек… Мұғалымдерді бағалау қажет. Қазірұстаздардың мойнына өздеріне тиесілі жұмыстардан бөлек, қоғамдық жұмыстарды даартып қойған. Ол үшін оларға ақша төленбейді» — деген Назарбаев.

Қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ұстаздар мәселесінен айналыпөтпеді. Ол мұғалімдердің ауыр да қиын жұмысыннан бастап, елімізде қанша мектепүш ауысыммен оқитындығына дейін жіпке тізгендей етіп айтқан. Тамыз айында өткенұстаздар конференциясында:

«Мұғалімдердің білімінбағалау бір жақты қабылданған. Бұндай квазиреформалар ұстаздар мәртебесінтүсіреді. Мұғалімдер жұмысының сапасы бақылаушы органдарға беретін есептіңшамадан тыс көп болуынан нашарлап бара жатқанын ескерген жөн… Қазір 7014жалып білім беретін мектептің 128-і үш ауысыммен оқиды. 31 мектеп апаттықжағдайда. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін 2019-2020 жылдары мемлекеттікбюджет есебінен 35 мектеп салу жоспарлануда. Тәуелсіздік алғалы бері 1198 жаңамектеп салынды» — деген.

Жалпы, Қазақстанда мұғалімдер мен орта білім мәселесі ұзақ жылдардан берішешімін таппай келе жатқан көп проблемалардың бірі. Білім саласында болғанреформаларды қоспағанда Тәуелсіздік алған 28 жылда 13 министр ауысты. Біраққанша министр ауысса да, білім саласындағы шешілмеген мәселелер «баяғы жартассол жартас күйінде» атадан балаға қалған мұрадай, министрден министрге мирасболып келеді.

Фото: zakon.kz




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42