«Nur Otan» партиясы Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелерді бақылауға алды

20.02.2020, 12:40

95

«Nur Otan» партиясыТөрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Павлодар облысында болған жұмыссапарында Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелермен танысты. 

Атап айтсақ, өңірәкімімен бірге ерекше қамқорлықты қажет ететін 138 бала тәрбиеленіп жатқан «Алтынай»арнайы балалар үйінің ғимаратын  көрді.Соңғы рет мұнда күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын жасалғанекен.  Ғимараттың шатыры, қасбеті жәнежылу жүйесі қазір апатты жағдайда. 

Ата-аналарменболған кездесуде партия төрағасының бірінші орынбасары балаларды қолдау менқұқығын қорғау «Nur Otan»-ның негізгі жұмыстарының бірі екеніне тоқталып, осы мәселені шешу үшін барлықіс-шаралардың қабылданатынын атап өтті.

Одан әрі БауыржанБайбек Екібастұздағы «Nur Otan»-ның қоғамдық қабылдауында болып, азаматтардыңмұң-мұқтажын тыңдады. Қаралған мәселелердің ішінен ол құдықтың ауыз суынпайдаланып жүрген Сарықамыс ауылының 450 тұрғынының өтінішін партиялықбақылауға алды. Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, орталықтандырылған суменқамтамасыз етуді жүргізу жұмыстары  жылсоңына дейін аяқталады. 

Сондай-ақ партиятөрағасының Бірінші орынбасары әлеуметтік және еңбек құқығы саласындағызаңнаманы жетілдіру жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды талқылау үшінЕкібастұздағы ГРЭС – 1 жұмысшылары және өңірдегі тау-кен өндірісікәсіподақтарының өкілдерімен жүздесті.  

Сол күні БауыржанБайбек Павлодар қаласының белсенді тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді. Зиялықауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге экология, еңбекмиграциясы, сыбайлас жемқорлық т.б. салалардағы өңірдің  өзекті мәселелері талқыланды. Партиятөрағасының Бірінші орынбасары әр мәселеге байланысты, оның ішінде заңнамалықдеңгейде де  «Nur Otan»-ның жүйелі түрдеайналысатынына ерекше тоқталды.

Елбасыныңтапсырмасы бойынша, «Nur Otan» партиясының бірнеше айдан бері Үкіметпен жәнеөңірдің филиалдарымен бірге алдағы 5 жылға арналған аудандар, қалалар меноблыстарды дамытудың жаңа бағдарламасын дайындау жөніндегі жұмыс жасап жатқанынатап өткен ләзім. Онда әрбір жеке аудандағы жергілікті ерекшеліктер ескеріліп,азаматтардың нақты қажеттілігі көрініс табатын болады.

Бұл жұмыстыңшеңберінде «Nur Otan» партиясының басшылығы барлық елді мекендерді, оның ішіндешалғайдағы аудандар мен ауылдарды да қамту үшін еліміздің барлық өңірлерінаралап шығуды жоспарлап отыр.

Павлодар облысынасапар барысы кезінде Бауыржан Байбек 16 көппәтерлі үйдің  800-ге жуық тұрғыны орталықтандырылғанжылусыз қалған Новочерноярка ауылының адамдарымен кездесті. Өңір басшылығыныңайтуынша, биыл ауылда бес әлеуметтік нысанды да, жақын жердегі мектеп, балаларбақшасы мен дәрігерлік емханы да жылумен қамтамасыз ететін қазандық салынады.

Сондай-ақ, облысорталығында «Екінші Павлодар» ықшамауданының тұрғындарымен де кездесуұйымдастырылды. Ол жерде жыл сайын жеке үйлерді еріген және жер асты суыдеңгейінің көтерілуінен су басу проблемасы шешілмей келеді. Кездесуде соныменбірге тарифтің айқындығына, жергілікті монополист «Павлодар — Суқұбыры» ЖШСсуды есептеу құбыры бағасына байланысты да шағымдар айтылды. Бауыржан Байбектаяу уақыттары партия алаңында барлық мүдделі органдарды қатыстыру арқылы ашықтыңдау өткізуге байланысты тапсырма берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 07.05.2021, 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 07.05.2021, 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 05.05.2021, 13:17
Бензин бағасы «безілдеп» тұр оны қалай ауыздықтаймыз?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 05.05.2021, 08:45
Ғылым саласы өлді, қайтпек керек?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56