«Nur Otan» партиясы қандастарға қолдау көрсетеді

12.12.2019, 07:45

45

«Nur Otan» партиясы, Дүниежүзіқазақтарының қауымдастығы және Отандастар қоры өзара түсіністік меморандумынақол қойды. Үшжақты меморандумға қол қоюдағы басты мақсат – дүниежүзіндегі қазақтарды тарихи отаны төңірегінеұйыстыруға қолдау көрсету, атажұрттан тыс жерде, басқа елде туып өсіп, елгеоралған қандастарымызға көмек қолын созу.

«Nur Otan» партиясының төрағасыНұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайларының бірінде:«Шетелдегі қазақтардың елге жиі келіп, туған жерімен байланыстарын нығайтыпотырғаны дұрыс. Қай елде тұрсаңыздар да, әрдайым Қазақстанды жүректеріңіздіңтөрінде ұстаңыздар. Қазақтың тарихи отаны біреу-ақ. Ол – Қазақстан», — дегенеді.

Осы орайда, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шет елдердегі және Қазақстанға келген этникалыққазақтарды қолдауға бағытталған еліміздің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыружұмыстарына атсалысуға партияның әрқашан әзір екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол елімізтәуелсіздік алғалы бері Елбасының бастамасымен тарихи Отанына бір миллионнанастам қазақ қайтып оралғанын, соның арқасында ұлтымыздың демографиялық жағдайықандастарымыздың үлесі есебінен жақсарғаны туралы айтты.

«Партиямыздыңдоктринасында жазылғандай, біздің негізгі құндылығымыз – адам, оныңқадір-қасиеті мен құқықтары, амандық-саулығы мен заңдық мүдделері. Сондықтан,«Nur Otan» елге көшіп келген отандастарымызды үнемі қолдап отырады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Оралмандар» деп аталып жүргентұрғындарымызбен жұмыс істейміз, оларды біздің қоғамымызға бейімделіп, жақынтарту үшін қандастар деп атауды ұсынамын», – деді. Сондықтан, осы меморандумныңаясында «Отандастар» қоры және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп, туған жерге көшіп келгенотандастарымызға тіркелу, Қазақстан азаматтығын алу және басқа мәселелербойынша құқықтық кеңес пен ақпараттық көмек беріп отырамыз. Елімізге көшіпкелген әр азамат бейімдеуден өтіп, тез арада еңсесін тіктеп, етек-жеңін жиып,отбасымен, бала-шағасымен ел қатарлы тұруы керек. Олардың барлығымемлекетіміздің, партияның, тұтас халқымыздың қолдауын сезінуі тиіс»,- дедіБауыржан Байбек.

Ал Отандастар қорының президенті Нұртай Әбіқаев қор құрылған күннен бастап осыкүнге дейін атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, бірлескен меморандумныңмаңыздылығын атап көрсетті.

«Бүгінгі қол қойылатын меморандум «Nur Otan» партиясымен бірігіп, осыбағыттағы жұмыстарды жандандыруға мүмкіндік береді деген ойдамыз. Партияның еліміздіңбарлық аудандарында филиалдары барын ескерсек, қандастарды қолдауға бағытталғанжұмысымыздың өнімді болатыны сөзсіз», — деді қор президенті.

Өз кезегінде Дүниежүзіқазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков алдағы уақытта үшжақтымеморандумның негізінде жастармен, медиа және басқа да салаларда бірлескенжұмыстар атқарылатынын тілге тиек етті.

Айта кетейік, 1989 жылғы мәлімет бойынша, еліміздегі қазақтардың саны6,5 миллион адам болса, яғни жалпы Қазақстандағы халық санының 39%-ын құраса,қазір бұл көрсеткіш 70%-ға жетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мектептердің бар-жоғы 30%-ы қазақ тілінде білім берген еді. Қазіргі кезде мектептердің70% қазақ тілінде білім береді. Мемлекеттік тілде оқитын студенттердіңүлесі – 64,5% құрайды. Қазақ тілінің қолдану аясы бұрынғыменсалыстырғанда айтарлықтай кеңейді.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11