«Нұр отан» «тышқан аулаған» студенттерге ара түсті

21.01.2019, 14:30

69

Президенттің биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны Семей медицина университетінің ІІІ курсында оқып жүрген 2 студентіне оң әсер еткен сыңайлы. Осыдан біраз уақыт бұрын университет кітапханасының компьютерін пайдаланған олардың «тышқанды» («мышка») өздерімен алып кеткені оқу орнының басшылығын тік тұрғызды. Университет ректораты оқу орнының ішкі тәртібін бұзып, «тышқан» ұрлаған» екі студентті де қатаң айыптап оқудан шығаруға ұмтылған болатын. Алайда, университет басшылығының бұл шешімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, ақырында мәселеге облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ араласуға тура келгені өз алдына бір қызық. Сол орайда, «Нұр отан» партиясының ШҚО филиалының басшысы Әнуарбек МҰХТАРХАНОВ Ахметовтен тапсырма ала сала, шұғыл атқа қонып, Семей медицина университетіне жедел жетіп келді. Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВТІ, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек АҚЖАЛОВТЫ, партияның Семей филиалы төрағасының орынбасары Зүлфия ФАЗЫЛЖАНҚЫЗЫН, тіпті, қалалық ІІБ басшысы Дулат ҚАЗАҚБАЕВТЫ да қоса ерте барып, партияның «ойнап отырмағандығын» байқатқандай болды.Билік өкілдерінің алдында университеттің ішкі тәртібі қатаң бақыланатынын және оны студенттердің барлығы жақсы білетіндігін айтып ақталған университет ректоры Ерсін ЖҮНІСОВ Ә.Мұхтарханов пен Е.Сәлімовке шара қолдану сол себептен туындағанын мәлімдеді. Дегенмен, өзара тілдесуден кейін екі студенттің де оқуын одан ары қарай жалғастыра беретіні, ендігәрі мұндай қателікті қайталамайтыны белгілі болды. Әрине, дәрігер болсам деп барып, осындай қолайсыз жағдайға тап қылған балаларына қай ата-ана болсын алаңдайтыны рас. Басқосуда студенттердің бірінің анасы қан қысымы көтеріліп тұрғанын айтып, мәселеге қатысты қатты қиналғанын білдірді.Қош, сонымен, екі студент те «Нұр отанның» арқасында оқудан шығудан аман қалды. Армандаған мамандығынан компьютердің «тышқанын» алып кетіп, қол үзіп қала жаздаған жастарға Ахметовтің ара түскені де адамгершілік болар. Бірақ, осы «Нұр отанның» тайлы-тұяғы қалмай тұра жүгіретіндей жай ма еді?.. Дабыралатып, жұмыс тобын құрып алашапқын болмай-ақ, қала әкімі Сәлімовтің өзі жаймен ғана қоңырау шала салса да бітетін шаруа екені көрініп тұр ғой. Әлде, ректор Жүнісовке «Нұр отанның» қалалық филиалының да, әкімнің де сөзі өтпеді ме екен?.. Одан гөрі сайлау таяғанда «тышқан-тірлікпен» тәртіп бұзған екі студентке ара түсу партияның жарнамасын күшейтуге таптырмас мысал болған сияқты. Компьютердің «тышқаны» құрғыр да қайдағы бір мәтелді еске түсіреді: «Бүркіт қартайғанда тышқан аулайды» деген осындайда айтылатын болса керек.Фотолар автордікі және paintballcrash.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президетінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30