«Нұр Отанның» ел сүйетін мүшелері

21.08.2019, 12:34

76

Бас партия есептелетін «Нұр Отан» партиясы ел ішіндегіөзінің беделін көтеру үшін қандай қадамға да баратынын дәлелдеп келеді. Соныңбірі ретінде оның құрамында көбейіп келе жатқан әртістерді айтуға болады.

Олар жай ғана мүшеболып қоймай, әлеуметтік желілер арқылы «Нұр Отанның» әлдебір шараларыннасихаттай жүреді. Алдымен, әрине, партияға мүшелікке өтеді. Сосын, «НұрОтанға» мүше болудың үлкен бақыт екенін айтып, жұрттан сүйінші сұрайды. Бұл солкүнгі ел ішінде көп талқыланатын тақырыпқа айналады.  Міне, әртістер осындай пиар тұрғысында көпрөл атқарады.


Дегенмен, осыпартия атынан Мәжіліс депутаты болып, нақты іске кірісіп жатқан әртістер дебар. Жалпы танымалдылық тұрғысынан алсақ, бұған дейін Олимпиада чемпионы Серік СӘПИЕВдепутат болса, ендігі кезек актер, әнші Нұрлан ӘЛІМЖАНОВҚА тиіпті. ЖұртӘлімжановтың депутат болуын оның «Балалық шағымның аспаны», «Теміртау», «Елбасыжолы», «Тығырықтан жол тапқан» атты фильмдерде экс-президент НұрсұлтанНАЗАРБАЕВТЫҢ ролін сомдауымен байланыстырады.

Нұрлан Әлімжанов та«Нұр отан» партиясы мүшелігіне өзге әртістермен қатар өткен. Бірақ, әзірге озыпшыққан жалғыз әртіс болып тұр. Өйткені, бұған дейін кейбір әншілер депутаттыққакандидатурасын ұсынғанмен, өтпей қалған.

Әртістердің партияғамүшелікке өтуін саясатпен айналсу деп бағалауға бола ма, болмай ма, тап басыпайту қиын, дегенмен, соның бәрі депутат бола берсе, онда, еліміздеәртіс-саясаткерлер аз болмайтыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, бұлардың жайсаясаткерлерден бір артықшылығы да бар. Ол – олардың танымалдылығы. Халық өзгедепутаттарды танымаса да соларды жақсы таниды.


Тізімді әншіАлтынай ЖОРАБАЕВАДАН бастауға болады. Жорабаева 2017 жылы «Нұр Отан» партиясынамүше болып, ««Нұр Отанға» мүше болу – үлкен мақтаныш» деп жарты әлемге жарсалған. Дегенмен, одан беріде саясатпен айналыса қояр түр байқатқан жоқ.

Қызды-қыздыменсаясатпен айналысуға ойы кеткен де әншілер бар. Әлде кезекті қалжыңы, әлде,шындап ойы кетті, не де болса эстрада жұлдыздарының кейбірі депутат болуғакәдімгідей қадам жасап көрді.

Әнші Қайрат НҰРТАС«Нұр Отан» париясының мүшесі. Бұл қатарға әнші 2015 жылы қосылған. Әнші депутатболуға да талпынысты 2016 жылы жасаған. Дегенмен, өкінішке орай (әлдекерісінше) бұл талабы орындалмады.


Эстрада әншісі ЖанарДҰҒАЛОВАНЫҢ тарихы да осылай. Ол да дәл Нұртас сияқты 2015 жылы партияға мүшеболды, қатарынан қалмай 2016-да депутаттыққа үміткер болды. Әрине, қатарласыменбірге кері қайтты. Бірақ, олар әлі күнге дейін сүйікті партиясын жақсы көреді,партияның үлкен жиындарына аса құрметпен барып тұрады.


Бұл тізімде 91 тобының мүшесі Дулат МҰХАМЕТҚАЛИЕВ те бар. Ол 2018 жылы «ЖасОтанның» Орталық кеңес мүшелерін сайлау нәтижесінде жеңіске жеткен. Мұхаметқалиев4 жыл бойы кеңес құрамына кіретін қалған 16 аймақтық филиалдардың төрағаларыменбірге жұмыс атқарады деп хабарланған.


2017 жылы «Нұр Отан» партия мүшелігіне әнші Ерке ЕСМАХАНмен Төреғали ТӨРЕӘЛІ қабылданды. Бірақ, бұл қос әнші алдыңғы екі әріптестерініңсәтсіздігінен сабақ алған болар, әйтеуір, депутат болуға ниет білдірмеді.Бәлкім, Нұрлан Әлімжановтың сәтті жеңісінен кейін қайта ойланып көрер...


Эстараданың жұлдыздарын жинаған партия жақында өткенпрезидент сайлауында да оларды шет қалдырмады. 2019 жылдың 3 мамыр күні Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫпрезиденттікке үміткер ретінде ресми түрде тіркегеннен кейін кандидаттыңреспубликалық қоғамдық штабы құрылған. Штаб құрамында да Әділ Ахметов, СамалЕслямова, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болманов, Тамара Асар, Роза Рымбаева,Досxан Жолжақсынов, Алтынай Жорабаева, Майра Мұxамедқызы сынды біраз әншілермен әртістер жүр.

Колчак қалаларды басып алғанда әскеріне үш түрлі адамдыөлтірмеуге бұйрық береді екен. Жезөкшелер, көшірлер және осы әртістер. Өйткені,«олар кез келген билікке қызмет ете береді» дейтін көрінеді. «Нұр Отанның»әртістермен етене жұмыс істеуін осы қағидамен байланыстыруға бола ма, жоқ па,оны әркім өзі парықтай жатар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42