25.11.2020, 10:40
789
Нұр-Сұлтан дәмханасында жарылыс кезінде зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Тағы екеуінің жағдайы ауыр, — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
«Бастапқыда ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен науқас жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Науқаста ми және жұлын зақымы болды. Ауруханаға түскен сәттен бастап науқасты №2 көпсалалы қалалық аурухана мен Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары қарап шықты.Алайда барлық жүргізілген емдеу шарасына қарамастан, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады», — деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшылығы,
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР