23.11.2020, 15:58
805
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Нұр-Сұлтан дәмханасында болған жарылысқа қатысты жаңа деректерді жариялады.
"Өртсөндірушілер оқиға орнына сағат 12.32-де келген бойда жарылыс салдарынан екіқабатты коттеджге жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың ішінара қабырғалары және шатыры құлағаны анықталды. Сонымен қатар 20 шаршы метр көлемде жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың шатыры жанған. 100 шаршы метр қираған (құрылыстың жалпы көлемі 600 шаршы метр). Жарылыс салдарынан асүйдің шатыры құлаған", — деді ТЖМ өкілдері.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР