Нұр-Сұлтан гербінің авторына 3 млн теңге беріледі

18.07.2019, 04:34

4

Нұр-Сұлтан қаласының жаңа елтаңбасын анықтауға арналған конкурстың күні ұзарыпты. Енді, өтінімдер 2 тамызға дейін қабылданады. Бұл туралы Жас АЛАШ informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Комиссия 60-тан астам жұмыс қараған. Олардың ішінен жеңімпазды таңдай алмай, дизайнерлерге тағы бір мүмкіндік беруді жөн көріпті. Жеңімпаз 3 миллион теңгені қанжығасына байлайды. 
Алғашында, конкурстың соңғы күні 24 маусым деп бекітілген. Қазақстанның гербін жасаған Жандарбек МӘЛІБЕКОВ бастаған комиссия мүшелері 6 шілдеге дейін жаңа елтаңбаны ұсыну қажет болғанымен, таңдау жасай алмапты. Айтуларынша, келген жұмыстардың ішінде баланың шимайына ұқсайтын суреттер де, кәсіби туындылар да болған. Және 90 пайызында «Бәйтерек» қаланың басты символы ретінде белгіленіпті. Комиссия мүшелері гербтің мағыналық жағынан бөлек, түстер үйлесіміне де қатты мән беріп жатқандығын айтады. Себебі, компьютерден көрінгенде де сапасы жақсы болып тұруы керек екен.

Айта кетейік, бұдан бұрын елордаға арналған ең үздік әнге деп әкімдік 3 миллион теңге берген болатын. 25 мамыр мен 25 маусым аралығында өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша «Азия» тобының «Нұр-Сұлтанға кел» әні жеңімпаз атанған.


Фото: ru.sputnic.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04