09.07.2019, 15:08
74
6 шілде күні елордамен Алматыда 100-ден аса адам ұсталды. Tengrinews.kzсайтының жазуынша, полиция азаматтарды рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшінұстаған.
Ішкі істерминистрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ ұсталған азаматтардың бір бөлігі әкімшілікжауапкершілікке тартылса, бір бөлігі әкімшілік қамауға алынғанын, ал бірбөлігіне айыппұл салынғанын айтады.
«Рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін елімізбойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда 100-ден аса адам ұсталды, 44-і әкімшілікжауапкершілікке тартылды, 19-ы әкімшілік қамауға алынды, 23-іне айыппұлсалынды, қалғандарымен жеке-жеке сөйлесіп, үйлеріне жіберілді», — дедіТұрғымбаев үкімет отырысынан кейінгі сұхбатында.
6 шілде күні екіқалада да митинг өткізу үшін талаптанған азаматтар болды. Пракуратураныңбірнеше мәрте ескерткеніне қарамастан жекелеген азаматтар наразылық білдіругетырысқаны белгілі болған.
Бұған дейін 9маусымдағы ҚР президенті сайлауы күні Қазақстан полициясы рұқсат етілмегенмитингке қатысқаны үшін деп 4 мыңға жуық адамды ұстағанын айта кету керек.
Фото: almaty.tv
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР