Нұр-Сұлтан мен Душанбенің арасы

07.12.2019, 10:48

44

ӘдеттеАлматы не астанада апта сайын өтіп жататын журналистикаға қатысты түрлітренингтерден еш ойланбастан бас тартатынмын. Халықаралық ұйымның өкілі телефонсоғып, кезекті сондай жиынға шақыра бастағанда-ақ сөзінің соңын күтпестен «бараалмаймын» дегім келіп тұрған. Бірақ «жиын Душанбеде өтеді» дегенде, неге екенінөзім де білмеймін, райымнан тез қайттым.

Әуежайдамиграциялық қағазды толтырып жатып «Не мақсатпен келдің?» деген тұсқа «жұмысіздеп» деп сүйкей салдым. Еш ойланбастан жаза салған осы жауабым өзіме қаттыұнап кетті. Қазір бір қызық болатын секілді.

Советзаманындағы киім үлгісін өзгертпеген тәжік шекара қызметшісіне паспорт пенмиграция қағазын қоса ұсындым. Құжатқа тарс еткізіп мөрін басып, жүзімдікамераға түсіріп, қайтарып бере салды. Түрінде, тегі, таңданыс жоқ. Осыншамасамарқау болар ма еді!?

Біржылда жарты миллиондай қандасы Отанын тастап, екі қолға бір күрек іздеп шетелгесабылып кетіп жатқанда Тәжікстанға жұмыс іздеп келген мына маған құрметпенболмаса да, аз-маз таңданыспен қараса несі кетеді?!


Душанбегеалғашқы келуім. Жап-жасыл қаланың әуежайын бұрын көргендеймін. Есік алдында тұрғанкөліктің көбі «Опель», біразы «Тойота», ілуде бірі «Мерседес», оның өзі ескі.Өзіміздің дотациялық облыс орталықтарындағы таныс көрініс.

Қонақүйұсынған тегін таксидің жүргізушісі қазақ екенімді білген соң, «Астанадан қаралып келдің» деп қалжыңдағандай болды. Сөзінен ұққаным, Душанбеге қырбық қарсоңғы жылдары ғана түсетін болыпты. Бұрынырақта қар көрмей-ақ, қыстан шығыпкеліпті.

Әлемклиматтың жылуына алаңдап отырса, бұл тәжік кері сөйлейді. Қонақүйге екі-ақ аттап жетіп алғандай болдық. Суық бөлменің ішітап-таза. Телевизор, шәугім, шаш кептіргіш, кондиционер, сейф, жылытқыш, тағыбасқасының бәрі бар. Шетінен қосып көрдім. Тамаша, біреуі де істемейді. Онысыаздай, қонақүйде түскі тамақ дайындамайды екен. Біріншіден, ауқаттануға,екіншіден, қаланы көруге көшеге шықтым. Ең бірінші іздегенім – ақша ауыстыруорны. Жүре берсем, алдымнан шығар деймін. Жоқ, шыға қоймады. Табанымнан түтіншыққанша-ақ жүрдім, «обменник» табылмады (кейіннен білдім, көше бойында ақшаауыстыратын орындар мүлдем жоқ екен). Банктер сенбі күні істемейді. Албанкоматтары қазақ банктерінің карточкасын жатырқайды.

Сонымен,«ақша ауыстыру орнына қайтсең де жеткізіп таста» деп, жолай таксиге мінуге туракелді. Ақысын қолыма сомани түскен соң беретін болдым. Орыс тілінде дәл менсияқты сауатсыз сөйлейді екен, еш қысылмастан әңгіме бастап, «Душанбедегі еңәдемі көлік «Тойота» екен» деп қойдым. Ал ол астындағы көлігін жамандайжөнелді.

–Бұл қандай машина? 

Жақтырмайқарады.

–Сендердің машиналарың. 

–Қой ей, бізде мұндай көлік шықпайды.

–Негешықпайды? Осындағы JAC-тың бәрі Қазақстанда құрастырылған.

–Қазақстанмұндай көлік құрастырмай қалсын. Құрастырса Өзбекстанның «каритасын»мінгенше, осыны құп көрмейміз бе!

Олөз айтқанынан қайтпай, мен онысын терістей (біздің елде Қытайдың осындайкөлігін құрастырғанын білмеппін) салғыласып, Душанбедегі ең үлкен деген,біздегімен салыстырғанда орташалау сауда орталығына тез жеттік. «Обменник»оңдырмады, 1 сомани – 37 теңге!

Көшедеқаптап тұрған кафе, мейрамхана жоқ. Есесіне Қытайдың арзан киім-кешегін сатқаналқам-салқам шағын дүкендер көп. Тәжік дәмханасы кезікпеген соң, «Ташкент»мейрамханасында жалғыз отырып (төрт  күнжүріп байқағаным, кафелеріне келуші аз) өзек жалғап алып (тамақтары Алматы,астанадағы «Өзбек» кафелерінен ерекшеленбейді), орталық даңғылдарының біріАйниге түсіп, қала аралап келемін.

Аттапбасқан сайын жаңа құрылыс. Жаңа үй. Биік ғимарат. Аты мәлім қонақүйлер. Зәулімбанк, қаржы ұйымдарының жарқыраған әйнекті кеңселері. Бұл көшеде советзаманындағы ескі үйлерге қарсы жорық басталып, тіпті Душанбені қайта бұзып,қайта салу қолға алынғандай. 2000 жылдардың басындағы Астанадағы құрылыс қарқыныдәл осындай еді. Басқа – басқа, осы қаладан қайнап жатқан құрылысты көремін депойламаған басым қонақүйге жете салып, сондағы қызметкерден «тәжіктер мұнайтауып алған ба?» деп сұрадым. «Не айтып тұрсың?» деп тіпті таңданбады. «Біздіңел – территориясы бойынша ТМД-дағы ең кішкентай мемлекет. Бірақ су қоры жағынаналдыңғы орындамыз. Су көп бізде», – деп, әрі қарай әңгімелесуге ықыласбілдірмей теріс айналды.

Мұнысыкез келген туристкеайтатын жаттанды жауабындай көрінгенімен, ойландырып тастады. Мұнайы жоқ елтаудан аққан өзенімен қала құрылысын осылайша қарқындатып жатса, онда біздегіұшан-теңіз мұнай-газбен, басқа да байлықпен «астана салдым» деген мақтанмазақтаумен тең ғой.

Көрпегеоранып алып, жастыққа бас қойдым. Оянсам, Душанбені ақ мамық  қар басып қалыпты. Жауған қар үшін жазықтыболғандай қонақүй қызметкерлері кешірім сұрады. «Қар жаумаушы еді… Бүгін –мемлекеттік тудың мейрамы».

Орталықалаңдағы тутұғырға (флагшток) қарай бірде кең даңғылмен, бірде аула ішіменаяңдап келемін.


Қайжолға түссем де, қай бұрышқа бұрылсам да, ел президенті Эмомали Рахмон меніаңдып тұрғандай алдымнан шыға келеді. Оң қолын көтеріп түскен суретіне назараудармай кетсем, сол жақтағы құрылыс қақпасында каскадағы Эмомали Рахмон «ендіқайтер екенсің» дегендей тесіліп қарап тұрады. Бұл қаланың бас прорабы да, баскүзетшісі де осы кісі болса керек. Сізге өтірік, маған шын, мемлекеттіктутұғырға дейін жеті шақырымдай жүріп барғанымда көшеден жеті полицей декөрмедім. Кез келген мерекеде қуыс-қуысты торуылдап жүретін өзіміздіңполицейлерге әбден көз үйретіп алыппын, Душанбеде әлгілерді екі туып бір қалғанбауырымдай іздедім.

Жалаушакөтерген жастар. Ақ, қызыл, жасыл шар ұстаған студенттер. Шар ұстадың екен депқуғындаған ешкім жоқ. Мерекесі біздегідей не шеруге, не наразылыққа ұласпайды. Бір қызығы, көшедегі қарапайым жұрт та, жергіліктітілшілер де президент Рахмон немесе оның саясаты туралы айтудан қашқақтаптұрады.

Тәжікстанішінде оппозиция жоқ, ал шет елде баршылық. Тіптіқайбір жылдары Тәжікстан жоғарғы соты эмиграциядағы біріккен тәжік оппозицияшылұлттық одағын «экстремистік және террористік ұйым» деп танып, тыйым салған.Бірақ олардың сырттағы дүмпуі Душанбеге әсер етпейтіндей. Әсері болса, күштікқұрылымдар мереке күні өріп жүрмей ме?!

Жол-жөнекей2-3 үлкен кісіден тутұғырдың бағыты мен мемлекеттік ту мейрамын қалай атапөтетіндерін сұрап көрдім. Біріншісі сұраққа қиналмай жауап берді. Ал екіншісі«жастар барады ғой» дегеннен өзге ештеңе айтпады. Расымен, тутұғырды студенттермен жоғары сынып оқушылары қоршап тұрды. Осылай сапта тұруды міндет көретіндей.Президенттің құттықтау хатының басы да, ортасы да, аяғы да толықтай тәжіктілінде оқылып, сахналық көріністер қойылып, жалынды ұрандар айтылып, екісағатта флеш-мобтарын аяқтап тарқасты. 

Ұзындығы– 60, ені 30 метрлік, матасының ғана салмағы 420 килограмдық ту 165 метрбиіктікке көтеріліп, рекорд кітабына еніп, әлемдегі ең биік, ең үлкен тумәртебесіне ие болыпты. Бірақ беріректе Сауд Арабиясындағы Эр-Риядтатутұғыры 6 метрге биік шығып, тәжіктердің бұл туы әлемде екінші орынға сырғыпты.Қазақстаннан озса, туының көлемінен озыпты (астанадағы мемлекеттік басты тудыңкөлемі – 30#15 метр. 111 метр биіктікте. Салмағы – 90 кг. Көлемі жағынан әлемде9-орында) деп ішімнен айтқан едім, кейіннен үш мәрте тілімді тістедім.


Сонымен,Душанбенің қақ ортасында, ақ ордасы әлде хан ордасының алдындағы Достықдаңғылында Соманидтер патшалығын құрған Исмаил Самонидің (892-907 жылдары)биіктігі 13 метрлік ескерткішінің алдында тұрмын. Соманидің артында биіктігі 43метрлік әдемі арка тұр. Аркадан кейін біраз жерді әуенді субұрқақ алып жатыр,ал төрде биіктігі 45 метрлік Тәуелсіздік стелласы – мемлекеттік елтаңба бейнесіорын теуіпті. Осы маңдағы ертегіде оқыған нағыз гүлстан бағы да, алыпкітапханасы да, әуенді субұрқағы да, ғажап ақын Рудакидің керемет ескерткіші демені сонша таңғалдыра қоймады.


ИсмаилСоманидің алдында ұзағырақ тұрдым. Әр фотоны 1 соманиге (37 теңгеге) түсіріп,электронды нұсқасын смартфонға дереу көшіріп береміз деп он шақты фотографкенедей жабысып маза бермеді.

–Мынаукімнің ескерткіші еді?– деп орысша сөйлеп, сөзге тартқандай болдым біреуін.

–Исмаил Самони. Империя билеушісі. Оның империясының құрамында қазіргі Иран,Ауғанстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан (Тараз қаласына дейінжеткен) болған дейді. Тәжік мемлекетін құрушы. Дауай, фотоға түсірейін, одинсомани, – деп фотоаппаратын ыңғайлай берді.

–Қазақтардың да осындай правителі (ханы) бар ғой, ескерткіші әдемі шығар, – депзыр қағып, сөзге айналдырып жүрген фотограф жақсы кадр алу үшін «күліңіз» депқояды. Мұндайда қалай күлесің? Қазақ хандығының, мемлекеттігінің негізінқалаған  Керей мен Жәнібек хандарды бізосылайша әспеттеп, оларға орталық алаңда айбынды, алып ескерткіш қойып паедік?! 

«Бірсағат 40 минут жүрдіңіз. Шыдамды екенсіз. Көпшілік 40 минутта шығып кетуші еді»,деді Орталық музейдің бірінші қабатындағы ежелгі тарих бөлімін аралатып шыққанқызметкер. Шынымды айтсам, осыншама уақыттың қалай өткенін білмей қалдым.Қайбір жылы Санкт-Петербургтағы Эрмитаждың жертөлесінен Тәжікстанның Пенджикентқаласынан  табылған ислам дәуірінедейінгі бұйымдар мен әшекейлерді, кескіндерді, бейнелерді көріп таңғалғаным бареді. Сол таңданысты аз да болса ақпаратпен толтырайын деп, тәжік жеріндегіежелгі дәуірлер, зороастризм кезеңі, буддалық заман, ежелгі патшалық негізінқалаған Кир әлемі, Соманидтердің заманын сөз етіп, тәжіктердің нәсілдіктұрғыдан моңғолоидтан бас тартып, арийлік нәсілге қосылғанын естіп, екіншіқабатқа көтерілдік.

Исламдіні келуімен бай тарихына қарамастан, бейнелеу өнері біржолата тоқтап,каллиграфия (әдемі жазу) жанрының тірілгенін байқаймыз. Бір қызығы, екіншіқабаттағы гид-қызметкер мені каллиграфия бөлімінде сәл кідіртіп ұстады. Алқалған бөлімдерде атүсті шолғызыпөте шықты. Ресей патшасының отаршылдығы, революцияның келуі, Совет өкіметініңорнауымен үш қышлақтың басын қосып, жаңадан салынған «Дүйсенбінің», яғнитәжікше айтқанда Душанбенің (бұрынғы қышлақтарда дүйсенбі базар күні болған),тарихы, репрессия, Екінші дүниежүзілік соғыстарға қатысты айтарлықтай ақпарат естиалмадым. Гидке көп сын тақпай, ішімнен тәуелсіздік тарихында көп тоқталатыншығармыз деп ілесе бердім. Алайда ол жерден желдей зулап бара жатқан сәтіміздесәл кідірдім. Байқаймын, гид-қызметкер «елге сіңірген зор қызметі бар», «ұлықтұлға» дегендей ештеңе айтпайды. Біздің музейлердегі секілді жатып кеп біреудімақтамайды.

Бірбұрыштан Эмомали Рахмон мен Украинаның бұрынғы президенті, Майданды қанғабөлегені үшін қашқында жүрген Виктор Януковичтің бірге түскен суреті де тұр.Біздегі музейлерде дәл осындай фото тұрар ма еді...

Тәжікпрезидентіне тартылған сый-сияпаттарды көзбен бір сүзіп өтіп, есіккежақындағанда музейдің екінші қабатын аралағанымызға 20 минут та өтпеген еді,гид қоштасу мәзірінде «музей ұнады ма?» деп сұрады. 

–Басты ескерткішті көрсем деп едім.

–Қандайескерткіш?

–Тұрақтылықорнатып, жұмақ қондырды деген, мемлекеттің негізін қалады деген адам бар емеспе?

–Музейден шығып, оңға жүрсеңіз алдыңыздан шығады.

–  Исмаил Соманиді айтып тұрсыз ба?

–Иә.

–Оны көрдім. Осы елдің көшбасшысы дейтін бар емес пе? Соның ескерткіші жоқ паеді?

–Ондай ескерткіш бізде жоқ. Ал сіздерде бар деп естідім. Тірі адамғақойыпсыздар.

Тілімдітістеп музейден шықтым.

Тәжікстандыширек ғасырдан бері үздіксіз басқарып келе жатқан, «ұлт көшбасшысы» дегенатағы, шексіз сайлауға түсе беретін құзыреті бар, тергеу мен тексеруге өзі менотбасы алынбайтын, заң алдында жауап бермейтін, авторитарлық басқару жүйесінорнықтырған, тәуелсіз ой мен сөзді, азаматтық белсенділікті, еркін қоғамдытаптап тастаған, бала-шағасына мемлекеттік лауазымды таратып берген, «Нобель»сыйлығына үш мәрте ұсынылған Эмомали Рахмон өзіне әлі ескерткіш қойғызбапты.


Кешерте батады екен. Орталықтан ұзап, советтік сәулетпен салынған біздегідейшағынаудандарға аяқ басып едім, нағыз қарбалас алдымнан  шыға келді. Мәселен, Алматыда «Саяхаттың»алдында Талғар бағытына немесе Төле би–Момышұлы қиылысында «Шаңырақ», «Саялы»шағынаудандарына қарай, болмаса астанада Asia Park алдында Қосшыға қарай жолайжүретін такси тосып, көшені жауып қалатын, тоқтаған көлікке таласа-тармасамінетін нөпір бар. Душанбеде де айнаға қарағандай тура осы көрініс. Біререкшелігі – жүргізушілер біздегідей көлікте жалпиып отырмайды. Бір аяғы жерде,екінші аяғы көлікте, бір қолы рульде, екінші қолымен жүргіншіге не үш, не төрт,не бес дегендей саусақтарын шошайтып айқайлап тұрады. Ондағы екі дегені–екінші, үш дегені – үшінші автобустың бағыты. Автобус дегенде, дені дұрысыкөзге түспеді. 10-15 жыл бұрын Алматының төрінде шалқып жүрген «Газельдердің»,жұрт аузындағы «маршруткалардың» дәуірі Душанбеде әлі де жүріп тұр.Троллейбустарының жүрісі кәрі өгіздің аяңындай. Кешкі қаладаорталығы жарқырап тұрғанымен, сәл ұзасаң білмейтін жанға қорқынышты. Қызықтапжүріп біраз ұзап кеткенімді аңғармаппын, қараңғылау, аңғал-саңғал бір көшеніңқиылысында елу шақты жігіттің қасына келіп тоқтаппын. «Біткен жерім осы шығар»дедім ішімнен.  Қоршап алып, дабырлапбірдеңе айтып жатыр. Басымды шайқап қоямын. Қабақтары қатулы, күн мен желгежүздері тотығып біткен жігіттер Алматыдағы Алтын Орданың қасында, Сейфуллинкөшесінде, астанадағы «Артем» базарында қара жұмыс іздеп жүргендерден ешайырмашылықтары жоқ. Ұсынар жұмыстың жоқтығына жазықты сезініп, орталарынан сытылып шықтым.

Алтыжүз мыңдай тұрғыны бар, жаңа ғимараттары жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай өсіпжатқан Душанбеде көше бойында қара жұмыс іздейтіндер бар дегенге, бір жағы,сенгің келмейді.

Кешкішайда дастархандас, сапарлас жергілікті жігітке көкейімнен кетпей қойғансұрақты қойдым.

–Осысіздер мұнай тауып алдыңыздар ма?

–Нені меңзеп отырсыз?

–Қаладағықұрылысты қандай ақшаға салып жатырсыздар?

–А, құрылысқа қатысты болса, сұрақты дұрыс қоймадыңыз. Мұнай емес, мэри тауыпалдық (күледі).

Айтуынша,қалаға жаңа әкім келгелі Душанбеде құрылыс қызып сала берген. Ал жаңа әкім –анау-мынау емес, Тәжікстанның тағын бермес президенті Эмомали Рахмонның үлкенұлы Рустам Рахмон. «Жоғарыдағылар жылдар бойы жинаған байлықтарына қаланыңжақсы жерлерінен ғимараттар салып жатыр, одан қарапайым халыққа не пайда?»дейді.

Жалпы,Эмомали Рахмонның екі ұлы, алты қызы бар. Көшбасшы, елбасылардың күйеубалаларышеттерінен талантты боп шығады ғой, бәрі мемлекеттік лауазымды қызметте немесеірі бизнестің қожайындары. Біреуі Қазақстанда елші де болыпты. «Біздің елдіңаумағы кіші, экономикасы әлсіз болғанымен, алты күйеу мен екі ұлға шыдас беріптұр», – деді қарсы алдымдағы жан. Бұл сөзіне күле алмадық.     

ТүнгіДушанбені таксимен аралағанды жөн көрдім. Жақында ашылады деген мешітке жолбастады. Барғанша самарқау отырдым. Біздегі мешіттен не айырмашылығы болушыеді? Қасына келгенде аузым ашылып қалды. Көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкенмешітті кемінде он орап алады-ау. Таксистің айтуынша, бір мезетте 60 мың адамсыяды. Өтірік-ау дегенмін. Осы жолдарды жазып отырғанда мәліметтерді қарапкөрсем, 60 мың емес, 120 мың адам сыяды екен. Тәжікстан мен Катар үкіметібірлесіп, 100 миллион долларға тоғыз жыл бойы салынып жатқан бұл мешіт жақынкүндері ашылып, Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болмақ. 

Таксижүргізушісі одан кейін салынып бітуге таяу қалған үш спорт кешенінкөрсетті.  Шар тәріздес кескінде салынғанүш кешеннің қасында астананың мақтанышы деген ЭКСПО-дағы шар ғимараты үстелтеннисінің шаригіндей боп көрінді. Жаңа салынып жатқан үшқабатты жолайрығы даерекше.  Алып ту, алып мешіт, алып спортғимараттарын салу жағынан кедей деген Тәжікстанның өзі біздің елді басып озыпкетіпті-ау дейсің.

Бұлелде өз еліңдегі жетістікпен мақтанғың келсе, интернетті айтсаңыз болғаны.Ешқайсысы сөз таластыра алмайды. Өйткені Душанбеде интернет бағасы өте қымбат.Бірақ оның да бір жақсылығы бар ма дейсің. Мәселен, көшеге шықсаңыз, смартфонғателміріп, шұқшия жабысқан адам баласын көрмейсіз. Бәрінің есі дұрыстайжан-жақтарына мән беріп, қарсы алдындағы адамның жүзіне тура қарап, өтекішіпейіл, ашық-жарқын болмағанымен, кісі сөзін, расымен, ықыласымен тыңдаптұрады. Әлде үйдегі дәстүр, әлде интернеттің қымбаттығынан Instagram әлеуметтікжелісін жаппай көрмеген тәжік қыз-келіншектерінен жасанды ерін, жалғанбалыкірпік, жұлынған қабақ немесе опаланған бет көрмейсіз. Instagram бетке (қазір осындай анықтауыш шықты. Instagramжелісіне  беттерін әрлеп, бояп фото салатындарғақатысты айтылған сөз)айналмаған 90-жылдардың соңындағы қазаққыз-келіншектері осындай табиғилығымен ерекше әдемі, сондай сүйкімді, ғажапсұлу еді ғой дейсің амалсыз. Бұл елде оқушы немесе студент қыздар көшеде хиджаптаққанымен, мектеп не оқу орындарына кірер кезде онысын шешіп тастайды екен.Дін мен зайырлылық осылайша «тіл табысып» тұрғандай. 

Бұлелде өз еліңдегі сорақылықты айтқың келмесе, онда мемлекеттік тіл мәселесінқозғамаған дұрыс. Мәселен, мен үйдегі балаларымды қазақша сөйлете алмай күндешу шығарамын. Телевизор қазақша сөйлемей, бала да қазақша сөйлемейді екен дегентоқтамға да келгендей едім. Душанбе бұл ойымды тас-талқан етті. Ресейменшекараласпайды демесеңіз, біздегі секілді Душанбе тұрғындары орыстілді ақпаратқұралдарының қысымында отыр. Кинотеатрдағы киносы орысша, көкжәшігі орысша.Бірақ еңкейген кәрісінен еңбектеген баласына дейін тәжікше сөйлейді. Қызығасың.


Қып-қызыл,аздап қышқыл-тәтті тәжік анарына да ерекше қызықтым. Тәжік алмасын, тәжікқұрмасын іздеп ең үлкен деген базарына барған едім, алдымнан күллі Қазақстандыжаулап алған қытайдың алмасы шықты. Базардағы сатушылары дәл біздіңқазақтардай, сөйлесе кетсең ақжарқын, ақкөңіл. Фотоға түсірейін деп өтінішайтсаң, асау аттай үрке қашатын әдеттеріне дейін аумай қалыпты. Ұлттықкиімдегі, ұлттық бояулы сурет түсіре алмай базардан шығып бара жатыр едім,тақиялы ақсақал жолымды тосып, құшақ қағыстыра кетті. Тәжікше не айтқанынтүсінбедім. Өзбекше араластырып сөйлегенінен «Қазақстанға сәлем» дегенінұққандай болдым. Қоштасудың ишарасын білдіргенімде қолыма бірдеңе ұстата қойды.«Женские носки. Хлопок 85%, Полиамид 15 %» деген жазуы бар этикетканың екіншіжағын қарасам, «ходовои, амортизатор реставрация» деп келіп, телефон нөмірінқалдырыпты. Көшені қиып өтіп артыма бұрылдым, маған әлі қарап тұрған қарияқолын көтеріп, хабар күтем дегендей болды.


Жөндеукөрмеген жолдың бойындағы ескі үйдің сұрқай балконындағы кіржайғышқа ілінгенмемлекеттік туға еріксіз көзім түсті. Мейрамның құрметіне ілінген бе, әлдекіржуғыштан шығарып жайып қойған ба, өзіңіз түсініп көріңіз. Бізде болса үйқожайыны айыппұлға жығылар еді (Қазақстан заңында мемлекеттік ту арнайыбелгіленген жерде ғана ілінеді).

Әуежайда ұшукезегін күтіп отырмыз. Душанбе–Новосибирскі бағытындағы ұшаққа бала-шағасынадейін кілең тәжікше сөйлеген жолаушылар мінді. Алматы бағытындағы ұшақтыңжолаушылары да, негізінен, тәжік азаматтары.

Ұшақ көтеріле беріпжерге қарадым. Ақбасты тау етегіндегі Душанбе менің Алматымдай көрінді.

Алматы–Душанбе–Алматы

Фотоларавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42