10.12.2020, 10:57
805
Нұр-Сұлтан COVID-19 таралуы бойынша қызыл аймаққа оралды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 10 желтоқсандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысы орналасқан.
«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы. Барлық қалған өңір «жасыл» аймақта орналасқан.
Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқас саны — 16762, оның ішінде, 15 583-і аурудан айығып шықса, 340 адам қайтыс болды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР