Нұр-Сұлтанда ақша бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Сайт әкімшілігі

10.02.2022, 17:36

2648

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Күдіктілер бірнеше ай бойы астаналық кәсіпкерден ақша бопсалаған. 

Полицейлердің айтуынша, кәсіпкер арызбен жүгінген. Одан бірнеше ай бойы қорқытып, күш көрсетіп, ірі көлемде ақша бопсалаған.

«Полиция ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. 40 және 47 жастағы күдіктілер 300 мың теңге көлемінде ақша алғаннан кейін, ұсталды. Сондай-ақ, Орал қаласында топтың үшінші мүшесі, Батыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер мәліметінше, жәбірленуші былтыр қыркүйекте күдіктілердің бірімен кездескені анықталды. Ер адам кәсіпкерге қарызды қайтару мәселесін шешуге уәде берген. Сол уақыттан бері күдіктілер күш қолданып, жәбірленушіден жүйелі түрде ақша бопсалай бастаған.

«Кәсіпкер жеке шотынан бір миллион теңгеге жуық қаражатты толық шешіп берген. Сонымен қатар, күдіктілер қорқытып, оны екі рет ірі көлемде несие алуға мәжбүрлеген. Бүкіл ақшаны бопсалаушылар иемденген. Олар жәбірленушіден жалпы сомасы үш миллион теңгеге жуық ақша алған», — деп қосты полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы "Қорқытып алу" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тегтер: қылмыс заң тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01