Нұр-Сұлтанда бір күнде 8 мекеме карантин талаптарын бұзған

Сайт әкімшілігі

06.09.2021, 08:56

776

Елорданың мониторингтік топтары тәулік сайын жүзден астам кәсіпкерлік нысанын тексереді. Бір ғана рейдтің өзінде карантин режимін бұзған ондаған мекеме анықталды. 4 қыркүйек күні қалада 8 мекеме шектеу шараларын сақтаған жоқ, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сарыарқа ауданында «EL classico» ойын клубы мен «Nirvana» түнгі клубы карантин талаптарын сақтаған жоқ. Алматы ауданының тәртіп бұзушылар тізіміне «Достар» ойын клубы, «Малена» және «Панаехали» барлары енді. Сондай-ақ, Есіл ауданында орналасқан «Tequila» және «Ray Bar» барларында белгіленген жұмыс режимі ескерілмеген. Байқоңыр ауданындағы «Панаехали» барында да карантин бұзылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:16
Ұсталған азаматтарды азаптап жатқаны рас па:Бас прокуратура жауап берді
Сайт әкімшілігі 09:50
Омикрон жұқтырғандардың 73 пайызында кездесетін симптом айтылды
Қуаныш Әбілдәқызы 23.01.2022, 16:09
Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшаларын қайта ашты
Сайт әкімшілігі 23.01.2022, 15:49
LRT-ның болашағы не болады?
Сайт әкімшілігі 23.01.2022, 15:19
Ришат Асқарбекұлы: "Жұрттың жанайқайын айтқан бір депутат көрсек, көзіміз шықсын"
Сайт әкімшілігі 23.01.2022, 14:58
"Бейбіт тұрғындарды қудалауды тоқтатыңыздар": Жаңаөзенде жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48