01.03.2021, 11:08
1022
1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда тәрбиешілер, балабақша тәрбиешілері және тәртіп сақшылары коронавирусқа қарсы екпе салдырады. Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәліметтері бойынша, бұл топта 15 мыңнан аса адам бар, — деп хабарлайды аталмыш ведмостваның баспасөз қызметі.
Қалада осы санаттағы адамдарға екпе салу үшін алғашқы 36 медициналық-санитарлық көмек ұйымында вакцинация пункттері ұйымдастырылды. Бұған ведомстволық ұйымдар да қатысады.
«Педагогтер мен тәрбиешілер оқу орны орналасқан жер бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе салдырады. Вакцина қабылдайтын адамдар тізімі жасалып, емханаларға жіберілді», — деп толықтырды департамент өкілдері.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР