02.12.2020, 09:13
1583
Нұр-Сұлтандағы Нұрлы жол вокзалы маңында газ баллоны жарылды. Бұл туралы «Жас Алашқа» қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Кеше 1 қазанда сағат 22.14-те өрт сөндіру қызметтері Байтұрсынұлы 43/2 мекенжайы бойынша шақырту болған. Төтеншеліктер сағат 22.19-да оқиға орнына жеткенде жаңадан салынып жатқан үйдің территориясында асхана ретінде пайдаланылған, 150 шаршы метр болатын бөлек тұрған құрылыс (контейнер) жалын шарпып жатқанын анықтаған, маңында тұрған ағаш табандықтары жанып жатқаны белгілі болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, газ баллоны жарылған. Елордалық өрт сөндіру күштері 4 газ баллонын өрт аумағынан алып шықты», — делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұдан бұрын Нұр-Сұлтанда тағы бір дәмханада жарылыс болып, 23 адам адам ауруханаға жатқызылып, адам шығыны да болды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР