19.04.2021, 09:11
1058
Нұр-Сұлтанда Шоқан Уәлиханов және Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысындағы жол төсемі опырылып кетті, — деп хабарлайды қалалық әкімдік баспасөз қызметі.
Әкімдік мәліметінше, көше «мердігерлік ұйымның диаметрі 300 миллиметр СДР 17 құбырын тесу әдісімен төсеу кезінде технологиялық процесті сақтамауына байланысты» опырылған. Салдарынан нөсерлік кәріз коллекторы су астында қалып, тасжол опырылған.
«Мердігер ұйым жауапкершілікке тартылады. 19 сәуірде әкімдік, ШЖҚ Elorda Eco System МКК, сондай-ақ ЖП ӘПБ басқармалары жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», — деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР