23.12.2020, 12:07
1279
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі ер адам қаза тапты, — деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«22 желтоқсанда сағат 23.30-да „102“ нөміріне „Бетон зауытының“ аумағында жаппай төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция барған. Төбелес салдарынан ауруханаға екі ер адам жеткізілді, біреуі кеуде жарақатымен, екіншісінің іш қуысына пышақ тиген. Олар алған жарақаттарынан қайтыс болды», — деді полициядағылар.
Полиция мәліметінше, төбелеске қарыз себеп болған.
«Оқиғаның барлық қатысушысы — 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген полицияның хабарламасында.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР