Нұр-Сұлтандағы карантинге байланысты санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Сайт әкімшілігі

21.11.2020, 10:46

958

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның  карантинге байланысты жаңа қаулысы жарияланды. 

Құжатқа сәйкес, Нұр-Сұлтанда ойын-сауық, ауқымды іс-шараларды, оның ішінде спорт шараларын өткізу талаптарын сақтау жалғастырылады. Сондай-ақ банкет, үйлену тойын, мерейтойлар, еске алу жиындарын өткізуге, 3 адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға әлі де тыйым салынады. 

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруы шектеледі. 

"Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) маска тағу, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет", — делінген құжатта. 

Жаңа қаулыға сәйкес, қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерін киіп жүру) жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс кестесі сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады. 

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда жұмыс күндері сауда орталықтарының сағат 10:00 мен 23:00 аралығында жұмыс істеуіне, ал сенбі күндері 10:00 мен 20:00 аралығында жұмыс істеуіне рұқсат етілді. 

Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар. 

Тегтер: коронавирус індет міндет медицина сақтану қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51