14.06.2019, 16:17
131
Индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму министрі LRT құрылыс жұмыстарына байланысты пікір білдірді.Халықпен кездесуде Роман СКЛЯР 2020 жылға қарай елордадағы жобаны іскеқосатындығын айтып, құрылыс жұмыстары тоқтатылмағанын жеткізді. Еске салакетейік, көктемде елорда әкімдігі қаржының жетіспеуі салдарынан құрылысжұмыстарын тоқтата тұру туралы хабарлаған еді. Жобаның құны шамамен екімиллиард долларға бағаланған болатын.
«Өздеріңіз білетіндей, LRT құрылыс несиесі үкіметтіңқаулысымен қайта құрылды. Ол Қытай тарапынан емес, басқа қаржы көздеріненалынатын болады. Қаржыландыру мәселесіне қатысты сұрақтарға нақты «Нұр-Сұлтан» қаласы Әкімшілігі жауап береді.Бірақ мен құрылыс жұмыстары жалғасып жатқанын айта аламын, тек қарқыны шамалыбәсеңдеген. Жұмыс жалғасуда және 2020жылдың аяғында елордадағы жобаны іске қосамыз», — деп уәде берді Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі РоманСкляр
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР