"Нұр-Сұлтанға" қарсы шыққандарды полиция ұстады

21.03.2019, 18:47

46

Астана атауын «Нұр-сұлтанға» ауыстыруға қарсылық танытып, Астана әкімдігінің алдына жиналған 20 шақты адамды полиция ұстап әкетті.Vlast интернет-журналының жазуынша, Астана әкімдігінің алдындағы алаңға қала атауын өзгертуге наразылық білдірген ондаған тұрғын жиналған. Бұл уақытта алаңда Наурызға орай мерекелік іс-шара өтіп жатқан. Наразылардың арасынан суырылып шығып сөйлеген бір белсенді Астана атауын өзгертуге қарсы екенін айтқан. Көп ұзамай полицейлер наразылыққа шыққандардың бәрін ұстап, алаң маңында тұрған көліктеріне тиеп әкетті.Ұсталғандардың арасында суретші Асхат Ахмедияров та бар. Facebook-тегі парақшасында жазба жариялап үлгерген А.Ахмедияров өзін ОМОН-ның оқиға орнынан ұстап әкеткенін жазған.Азаттықтың жазуынша, қала әкімдігіне барып, наразылық білдірмек болған Астана тұрғыны Зәуре Сағидолланы полиция жолдан ұстап әкетіп, ішкі істер департаментіне жеткізген.Астана полицейлері қала атауын өзгертуге қарсыларды қуып ұстап жүргенде кеше ғана Қазақстан президенті ретінде ант берген соң, елорда атауын «Нұр-Сұлтанға» ауыстыру жөнінде бастама көтерген су жаңа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументі жанындағы алаңда ұйымдастырыған этноауылға барып, Наурызды тойлауға қатысқан. Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, астаналықтарды Наурызбен құттықтаған елбасы сол күні үйленген тоғыз жұпқа бата беріп қайтқан.20 наурыз күні Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Сондай-ақ ол облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев есімін беру жөнінде бастама көтерді. Сол-ақ екен, сол күні парламент Астана атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту туралы заң жобасын табан астында қабылдап жіберген. Тоқаевтың сөзін іліп әкеткендер облыс орталықтарындағы көшелерге «Нұрсұлтан» атауын беруге жаппай кірісті. Атырау қаласындағы Сәтбаев көшесі мен Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігіне экс-президенттің есімі беріледі деген шешім қабылданған. Сондай-ақ Тараз қаласындағы Төле би, Қостанай қаласындағы Абай көшелеріне «Нұр-Сұлтан» атауын беруді мәслихаттар мақұлдап жіберген. Өскемен, Орал, Шымкент, Павлодар мен Қарағандыда да Назарбаевқа көше атауы берілетін болды.Көше атауларын өзгерту жөнінде шешім қабылдайтын Республикалық ономастикалық комиссия облыс орталықтарындағы орталық көшелерге «Нұр-Сұлтан» атауын беруді мақұлдағанымен, Атырау, Ақтөбе, Қостанай мен Тараз қалаларынан Назарбаевқа берілетін басқа көше табуды сұраған. "Комиссия бірқатар облыс орталықтарының көшелерін ҚР Тұңғыш президенті – елбасы Н.Назарбаевтың құрметіне қайта атау туралы шешімдері қолдау тапты. Сонымен бірге Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарындағы қайта атау үшін ұсынылған көшелерді өзге объектілер мен көшелерді анықтай отырып, қайта қарауды ұсынды", — делінген Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.Астана атауына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруге қарсылар петиция ұйымдастырып, қол жинауға кірісті. Петицияға осы уақытқа дейін 30 мыңнан астам адам қол қойып үлгерген.Фотолар: Vlast.kz, Informburo.kz. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57