"Нұр Сұңқар пропагандамен айналысатындарға беріледі"

11.07.2019, 22:46

23

2010 жылданбері ұйымдастырылып келе жатқан «Нұр Отан» партиясының «Нұр Сұңқар» байқауын еңкөп жеңген «Хабар» агенттігінің журналистері екен.

Биыл оныншы рет өткен журналистер арасындағыреспубликалық «Нұр Сұңқар» байқауы 10 аталым бойынша өтті. Олар:

1. «Халық дауысы» — Үздіктелевизиялық журналист

2. «Точка зрения» — Үздіктелевизиялық журналист

3. «Сөз зергері» — Үздік газетжурналисі

4. «Мастер слова» — Үздік газет журналисі

5. «Медиа-профи» — Үздік интернетбасылым журналисі

6. «Жас серпіліс» — Үздік жасжурналист

7. «Елбасы салған сара жол» — Елбасықызметін ең жақсы көрсеткен жарияланым үшін марапат.

8. «Партиялық жобалар жайлы жарықкөрген ең жақсы жарияланым үшін».

9. «Майталман» — Отандықжурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін.

10.«Рухани жаңғыру» — Қоғамдықсананы жаңғырту бағдарламасын насихаттауға қосқан үлесі үшін марапат.

Сонымен,бұл жолғы жеңімпаздар кімдер?

«Халықдауысы» номинациясы бойынша үздік телевизиялық журналист болып «Қазақстан» РТРК«Апта» бағдарламасының редактор-сарапшысы Айбек ҚОБДАБАЙ;

«Точказрения» номинациясы бойынша үздік телевизиялық журналист болып «Хабар24»телеарнасының шығарушы редакторы Жұрағат БАМАН;

«Сөззергері» номинациясы бойынша үздік газет журналисті болып  «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторыныңорынбасары Ғабит МҮСІРЕП;

«Мастерслова» номинациясы бойынша үздік газет журналисті болып  «Литер» («НұрОтан» партиясының газеті)республикалық қоғамдық-саясигазетінің тілшісі Талғат ИСЕНОВ;

«Медиа-профи»номинациясы бойынша үздік интернет басылым журналисті болып Bnews.kz ақпаратагенттігінің бас редактор Акмарал ОЛЖАБАЕВА;

«Жассерпіліс» номинациясы бойынша  үздік жасжурналист болып «Хабар» Телеарнасы» АҚ сараптамалық бағдарламалар бөлімініңтілшілері Сәкен МАХАМЕТКЕРІМОВ пен Назымгүл КҮМІСПАЕВА танылды.

«Елбасысалған сара жол» номинациясы бойынша Елбасы қызметін ең жақсы көрсеткенжарияланым үшін марапатын «Казахстанская правда» газетінің арнайы тілшісі ИгорьПРОХОРОВ иеленді.

«Партиялықжобалар жайлы жарық көрген ең жақсы жарияланым үшін» номинациясының сыйлығы«Астана ТV» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметініңарнайы тілшісі Екатерина БРЫНЮК пен «Айқын» газетінің шолушысы ГүлжанРАХМАНОВАҒА берілді.

«Руханижаңғыру» Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын насихаттауға қосқан үлесі үшінмарапатын «Астана Телеарнасы» ЖШС-ның атқарушы продюсері Базаркүл ОТЫНШИЕВА мен«Абай» журналының тілшісі Айгүл КЕМЕЛБАЕВА еншіледі.

«Майталман»номинациясы отандық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін «Жетісу»телеарнасының қызметкері Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫНА берілді.

Байқаудажеңгендердің барлығына «Нұр Сұңқардың» арнайы статуэткасы, диплом мен500 мыңнан бастап 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Байқаудың тарихына көз жүгіртсек.2010 жылдан басталған байқау биыл оныншы рет өткізіліп отыр. «Нұр Сұңқар»  бұл – «Нұр Отан» партиясы мен Ақпаратминистрлігі ұйымдастырып келе жатқан журналистерге арналған ашық байқауы. Алғашсол кездегі «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары НұрланНЫҒМАТУЛЛИН мен Ақпарат және байланыс министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВТІҢ бастамасыменқолға алынған еді.

Бір байқағанымыз қай жылды алып қарасақ та бұл байқаудыңжүлделері осал болмапты. Мәселен, 2010 жылдың өзінде-ақ бас жүлдеге пәтерберілген. Оны Хабар агентігінің журналисті Александр АКСЮТИЦ қанжығасынабайлаған. 2011 жылы да Хабардың журналисті Нұрлан ОҚАҰЛЫ баспаналы болды. 2014жылдан бастап барлық жеңімпаздарға 1 000 000 теңгеден үлестіріп келе жатыр.

Шекарасыз репортер халықаралық ұйымы тағайындайтын ПитерМАКЛЕР сыйлығының лауреаты Лұқпан АХМЕДЬЯРОВ қоғамда журналисттерді бағалауқажет, бірақ оның өз критерийлері болуы тиіс дейді.

«Журналист биліктіңқолынан сыйлық алғанда ол өзінің тәуелсіздігінен айрылады. Шенеуніктер олардыжұмсау құқығына ие болады. Жалпы, өзін журналистпін деп есептейтін адам бұндайбайқауларға қызықпауы тиіс. «Нұр Сұңқардың» аталымдарын қараңызшы.Журналистикаға ешқандай қатысы жоқ.  «Партиялық жобалар жайлы жарық көрген ең жақсыжарияланым үшін» дейтін номинация бар.  Негізі журналистердің еңбегін қоғамдықұйымдардың бағалағаны абзал. Мен бұл марапатқа ие болған адамдарды журналистердеп айта алмаймын. Олар пропагандамен айналысушылар», — дейді «Уральская неделя»газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедьяров.

Қырғызстандық журналист Манас АЙЖІГІТОВ өз еліндежурналситер арасында түрлі байқаулардың болатынын айтады. Бірақ БАҚ-ның өкілдеріқандай да бір саяси партия басшысы жайлы мақала (Биыл «Нұр Сұңқар» сыйлығы «Елбасы салған сара жол» аталымы бойынша даберілді)жазып жарысқа түспейтінін айтады.

«Қырғызстандажурналисттер арасында байқаулар болып тұрады. Оны жекелеген ведомствалар менминистрліктер өткізіп жатады. Мәселен денсаулық сақтау министрлігі медицинатақырыба байқау жариялайды дегендей. Алайда билік партиясы ондай конкурстардыұйымдастырмайды. Экс-президент, саяси партия жетекшісі жайлы мақала жазыпжарысатын байқау бізде өтпейді», — дейді қырғыз журналисті.

Ашық дереккөздерге сүйенсек «Нұр Сұңқарға» қатысушыларжыл сайын көбейіп келеді. Жыл сайын 200 шақты қатысушы бақ сынайды екен. «Жас АЛАШ»тілшісі  2010жылдан бастап беріліп келе жатқан жүлдеде қай БАҚ ұжымының үлес салмағы басымекенін анықтап көрді.

Сонымен, біз жасаған тізім бойынша «Хабар» агентігі көшбастап тұр. Әр жылдарда журналистері жиі марапатталғанын байқау қиын емес.Журналисттерінің алған жүлделері жиырмаға жетіп жығылады.

Келесі орында, QAZAQSTAN РТРК. 10-нан астам жеңімпаздарыбар.

3-орында«Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан»газеттері бірдей көрсеткішпен тұр.

Осысияқты, «Айқын», «Литер» газеттері, «Астана»телеарнасы журналистеріде жеңімпаздар қатарынан ең көп көрінген.

Фото: tote.egemen.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Амангелді СЕЙІТХАН 11:05
Атамекенім қайда екен?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 10:52
Желтоқсаншылар жеткілікті деңгейде құрметтеліп жатыр ма?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10:30
Хрущев салған үйлерді Сағынтаев модернизациялай ала ма?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ, 10:28
Менің "Қарызстаным"
Қарлығаш Зарыққанқызы 09:45
Дүниеге несібемен емес, несиемен келіп жатыр қазақтың баласы...
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16