«Нұрға тойып біттік»

06.04.2019, 23:53

6

Нұр деген сөзден басталатын барлық дүниеге тойып біттік. СаясаттанушыДос КӨШІМ елордадағы «Астана» теміржолы вокзалының атауын Нұр-сұлтан депөзгертуге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Жас АЛАШ тілшісіне саясаттанушы осылайдеп жауап берді.

«Астана» теміржолы вокзалынауыстыру туралыақпарат ҚР Премьер-МинистріАсқар МАМИННІҢ тиісті Қаулы жобасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігінің ресми сайтында жарияланған болатын. Онда,«Астана теміржол вокзалы«Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» болып қайта аталсын», — делінген. Сондай-аққұжатқа қол қойылған жағдайда ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшінеенетіні жазылған. Қаулы жобасы 2019 жылдың 16 сәуіріне дейін «Ашықнормативтік-құқықтық актілер» порталында қоғамдықталқылауға ұсынылды. Онда кез келген тұрғын өз пікірін қалдыра алады деп те жазылыпты.

«Вокзалдардың атауы солқаланың қалай аталатынына байланысты беріліп отырады. Дегенмен де, мен бұғанқарсымын. Бұл – жеке басқа табынушылық. Бұдан қашып құтыла алмаймыз. Талқығасалса, Астананың атауын өзгертерде салу керек еді. Біз заңсыз мемлекет болыпкеле жатырмыз. Түптеп келгенде бізде «қалаға азаматтың есімі тек адам қайтысболғаннан 5 жыл өткеннен кейін  беріледі»деген заң бар еді. Ол аяқ астынан алынып тасталынды. Қалай, не үшін алынғаныбелгілі. Қызығы кей елдерде тіптi қайтыс болған адамның есімі тек 50 жылөткеннен кейін барып беріледі екен. Мен осы саясатты қолдаған болар едім,»- дейді Дос Көшім Жас АЛАШтілшісіне.

Домбырашы-күйші, музыка зерттеуші Жарқын ШӘКӘРІМ өз ойынбізге былай деп жеткізді.

«Нұр-Сұлтан деп берген жақсы. Алайда, анаған да мынағанда елбасымыздың атын беріп аяқ асты қылып жатыр ма деп те ойлаймын. Былайшаайтқанда Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ есімі бекерге қор болып жатыр», — деп Нұр-Сұлтан деп аталатын нысандардың онсыз да көпекендігін айтты.

Шын мәнінде, бір ғана Нұр-Сұлтан қаласының — Нұр-Астанамешіті, Нұрсұлтан Назарбаев зияткерлік мектебі, Н. Назарбаев атындағыуниверситеті, Нұр-Әлем павильоны, Нұрлы жол вокзалы, Н.Назарбаев орталығы бар.Енді  бұл тізімді Нұр-Сұлтан теміржолвокзалы толықтырмақ.

Фото: ortalyq.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39