"Нұрлы жер" арқылы үйлі болғандар плитамен тамақ жасайды

04.12.2018, 14:30

102

Ақтөбеде  2018 жылдың тамыз айында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Нұр Ақтөбе» ауданындағы 9 қабатты тұрғын үй көпшілікке берілген. Әрине, тегін емес. Олар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы пәтерлі болды. Алайда, нұрлы жобамен нұрлы жерден қоныс тойын тойлаған тұрғындарға газ берілмей отыр екен.«Айлап-жылдап кезекте тұрып, әрең дегенде қол жеткізген баспанамыз еді. «КИК» арқылы алдық. Тегін алған жоқпыз, екі бөлмелі пәтер бізге 9 млн 700 мың теңгеге шығып отыр. Бірақ, сол арман болған үйіміздің жақсылығын көре алмай отырмыз. Газ плитаға зар болдық. Электр плитканы қосып отырмыз, ақша шақ келе ме?! Зырылдатып айналдырып жатыр. Ас әзірлеу деген азап болды бізге! 2-3 сағаттап тамақты қайнатып отырамыз.  Бізге газ керек деп бәріне айттық. КИК-тің өкілі Байрон Рысқалиұлы деген кісі бар, ол кісіге де айттық. «Әне-міне қосамыз, шыдаңыз, екі күн қалды» деп құрғақ уәдеге тойдырып болды!»,- дейді Гүлнұр АХМЕТОВА.9 қабатты үйдің тұрғындарының көбі — арендалық пәтер алғандар. Яғни, 20 жыл бойы несие төлейді. Егер 5 жыл ішінде пәтердің толық ақысын төлесе, иесі бола алады.«10 жыл кезекте тұрып, арендаға алған пәтерім. Мен сонша уақыт осындай азап көру үшін алғаным ба сонда?! 2 апта бұрын айтты газ беріледі, шланг жалғау қажет деп. Үндемедік көндік. Бірақ, қашанғы күтуге болады? Бұл үйдің проблемасы жалғыз газ плитаға тіреліп тұрған жоқ. Төменгі қабаттар азынап тұр. Еденге төселген линолеумді ашып қалсаң асты қу цемент, ол не сұмдық?! Жүрдім-бардым қарауға бола ма осылай?»,- дейді Нұргүл ИСМАҒАМБЕТОВА. Баспанасын алғанымен, «өз үйі – өлең төсегіне» орнығу арман болып жүрген отбасылар қаншама. Көгілдір отын болмағаннан кейін, жас отбасылар амалсыз пәтер жағалап жүр екен.  Пәтерге төлейтін несиесі бар, өзгенің пәтерін жалға алғанына тағы төлеп, жастар шығындалып жүргендерін жеткізді.Мәселенің мән-жайынан Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі Алмаз ӘЛІМБАЕВ та хабардар болып шықты. Шенеунік көпқабатты үйді тұрғызған компания өкілдерімен байланысып отырғанын жеткізді.«Қазір ғана мердігермен сөйлестім. Ресейге  жабдық әкелуге кетіпті. Дәл осы үйлердің газ плиталарына қажетті құрал екен. Жуық арада келіп, орнатып беретінін айтты, бұл мәселе біздің бақылауымызда», — дейді Алмаз Әлімбаев.Фотолар автордікі. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 10:07
Батпаққа батқан Алғабас тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 09:49
Үлкен Алматы маңында ағаштар неге кесіліп жатыр?!

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51