Нұрқаділовты айыптағандар мен соттағандар

12.11.2018, 14:38

218

Бүгін белгілі мемлекет қайраткері Заманбек НҰРҚАДІЛОВТЫҢ қаза болғанына  13 жыл болды.  Ол 2005 жылы 12-қараша күні өз үйінде мерт болған еді. Мәйіттің қасынан «Кобальт» маркалы жеке тапаншасы табылған. Оны 1998 жылы ішкі істер министрлігі Заманбек ҚАЛАБАЙҰЛЫНА берген.Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ сынап жүрген оппозициялық саясаткер жүрегі мен басына атылған оқтан көз жұмған. «Ол өзін өзі үш рет атты» деген ресми тұжырым жасалған болатын.2005 жылдың мамыр айында Заманбек Нұрқаділовтың ісі Алматы қаласындағы Медеу аудандық сотында қаралып жатыр еді. 2004 жылы «Қазақстан» газетіне шыққан «Мен Асхаттың алдында қарыздармын» (журналист Асхат ШӘРІПЖАНОВ) мақаласын Алматы қалалық ҰҚК департаменті филологиялық экспрертизадан өткізіп, қалалық прокуратура бұл мақалада президенттің ар-ожданына тиген сөздер бар деп айып тағады.20 желтоқсан 2004 жылы ҚК-тің 318 бабы 2-бөлігі бойынша мақала авторы Заманбек Нұрқаділовтың үстінен қылмыстық іс қозғалады. Оппозициялық саясаткерге қатысты сот процессін сол кездегі Медеу аудандық сотының төрағасы Ерхан ТОТЫБАЙТЕГІ жүргізді. Айыпталушыны адвокат Мұстахим ТӨЛЕЕВ қорғады.Айтпақшы, 2005 жылы 28 наурызда Нұрқаділовтың ісі сотқа сол кездегі Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұрмаханбет ИСАЕВТЫҢ қолымен жөнелтілді. Кейін прокурор Исаев Павлодар облысының прокуроры, Бас прокуратураның департамент басшысы, ҚР Бас прокурорының орынбасары сынды жоғары лауазымды қызметтерді атқарды.Өзін өзі үш рет атып өлтірген деген ресми қортындыға әлі күнге дейін күдік келтіретіндер бар. Құпия өлімнің ресми версиясы 2005 жылы 23 желтоқсанда сол кездегі Алматы қаласы ІІД-ті бастығының орынбасары Марат ҚОЖАЕВТЫҢ айтуымен бұқараға жетті. Ол пресс-конференция журналисттердің әлі есінде.Содан кейін ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу комитетінің төрағасы, Павлодар облыстық ІІД-нің бастығы болған Марат Қожаев, қазір Астана қалалық ІІД-нің бастығы.Ірі саяси қайраткердің қазасына қатысты мемлекет басшысының үлкен қызы Дариға НАЗАРБАЕВА да пікір білдірген еді.«Әрине, бұл трагедияны саяси ойыншылар сайлау алды компаниясы кезінде пайдаланатын болады. Билік емес, бірінші кезекте радикалды оппозиция пайдаланады», — деп еді Дариға НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ 2005 жылдың 15 қарашасында. Естеріңізге сала кетейік, 2004 жылы 24 наурыз күні марқұр ар-намысыма тіл тигізді деп Дариға Назарбаеваның меншігі болған «Хабар» агенттігін сотқа берген еді.Фото: azattyq.org
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55