14.10.2020, 03:21
777
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі, — деп хабарлайды «Жас Алаш». Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.
«Covid-19 індетін жұқтыру қаупінің жоғарылауы мен науқастардың санының артуына байланысты қалалық штаб отырысында бірқатар қосымша шектеулер қабылданды. Карантиндік шаралар ертеңнен бастап, яғни 14 қазаннан бастап күшіне енеді», — делінген әкімнің жазбасында.
Біріншіден, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен олардың квазимемлекеттік секторының кемінде 60%-ы қашықтан жұмыс режиміне ауысады. Адам көп жиналатын жеке ұйымдар жұмысшыларды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруы қажет. Індетті жұқтырудың негізгі ошақтары — ұжымдық (еңбек) ошақтар. Жұмыс орындарында санитария-эпидемиология нормаларының қатаң сақталуын бақылау қажет.
Екіншіден, кафе, мейрамхана, бар, асхана және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 22 сағатқа дейін (9:00-ден 22:00-ге дейін) қысқартылады. Жұмыс күндері де, демалыс күндері де. Толтырылуы 30 орыннан артық емес.
Нотариустардың, адвокаттық кеңселердің, бухгалтерлердің, консалтингтің, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және т.б. жұмыс кестесі сағат 18-ге дейін (9:00-ден 18:00-ге дейін). Жұмыс күндері де, демалыс күндері де.
Азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын бутиктерге тек жұмыс күндері 18 сағатқа дейін жұмыс жасау рұқсат етіледі.
Монша, бассейнмен қамтылған сауналардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 9:00-ден 19: 00-ге дейін. Алдын-ала жазылу міндетті.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР