01.09.2021, 11:43
729
Биыл аймақтың басым аудандарын қуаңшылық жайлап, соның салдарынан шаруа қожалықтары мал азығын дайындау барысында тапшылыққа килікті. Осыған орай, өңір шаруалары мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді сұрап, бірнеше мәрте әкімдікке жүгінген болатын. Өңірдегі шаруагер қауымның өтінішін ескерген облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат депутаттары оңтайлы шешім қабылдады. Ол бойынша, ұрғашы малдарға қажетті азық-түлік бағасын арзандатуға 200 млн теңге субсидия берілетін болды. шөлді аймақта орналасқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бағышталады. Мұндай мүмкіндікке шөлді өңірге жататын Ұлытау, Шет, Жаңаарқа, Ақтоғай аудандағы ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер иеленеді. Шаруаларға субсидия төлеу қазан айынан басталады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР