«Охотзоопром» инспекторын өлтіргендер Қызылордада ұсталды
«Охотзоопром» инспекторы Ерлан НҰРҒАЛИЕВТІ өлтірген күдіктілер ұсталды.
Nur.kz сайтының хабарлауынша, күдіктілер Қызылорда қаласында ұсталған.
ІІМ ресми өкілі Алмас СӘДУБАЕВ арнайы мәлімдемесінде:«Бүгін, 21-қаңтарда ІІМ криминалдық полициясы департаменті өткізген арнайы операция нәтижесінде Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің бірінде 13 қаңтар күні Қарағанды облысы, Нұра ауданында өзінің соңғы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған «Охотзоопром» инспекторы Нұрғалиев Ерланның өліміне кінәлі үш күдікті ұсталды», деп хабарлады.Қазір дәлелдер жиналып, тергеу, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Үш күдікті де қамауға алынып, сотқа жейінгі тергеу ісі басталды.Үш күдіктіге осыған дейін халықаралық іздеу жарияланған. Марқұм Нұрғалиевтің қасында болған аман қалған инспектор Петр Ныциктің айтуынша, қылмыскерлер инспекторларды соққыға жығып қана қоймай, инспекторларға тиесілі GPS-навигаторлары мен байланысу құралдарын, көліктің кілтін өздерімен алып кеткен.Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтар күні ауруханада көз жұмды. Министр Қасымов бұдан бұрын «дер кезінде көмек жетіп үлгергенде оны аман алып қалуымыз мүмкін еді», деп мәлімдеген еді.
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Тегтер:
Нұр-Қасым ЖОМАРТ
06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ
06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі
05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі
05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК
02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА
31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі