Ойылда да балық қырылып жатыр

29.03.2019, 20:31

210

Жайықтағы қырылған балық мәселесі бәсеңсігендей болғанда тағы бір жайсыз хабар келді. Ойыл өзенінің Қызылқоға ауданы Ойыл округіне қарасты Көкмешіт деген жердегі тұсында да балықтар қырылып жатыр. Олардың қырылғаны мұз ерігеннен кейін жағаға шығып қалған кезде ғана байқалған. Қазіргі таңда ауданда өлген балықты жинап, полигонда өртеу үшін арнайы техника мен адам күші бөлінген, сондай-ақ, бұл іске еріктілер де тартылыпты. — Ойылдағы балықтың не себепті қырылғаны лабораториялық зерттеуден кейін белгілі болады, әзірге балық ауа жетпегеннен өлді деген болжам жасалып отыр, — дейді ҚР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төраға орынбасарының міндетін атқарушы Нариман ЖҮНІСОВ. Тағы бір анықталған жАйт, аудандық жерлердегі су тоғандарын қарап, тексеріп отыру бүгінде Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының құзырына кірмейді екен. Олардың жай-күйіне тікелей жергілікті әкімдіктер жауап береді. Мұндай шешім уақыт үнемдеу мен қағазбастылықтан арылу үшін қабылданыпты. Себебі, аудан әкімдері өз аумағындағы су көздеріне қатысты кез-келген мәселе бойынша аталған инспекцияның қорытындысына жүгінуі тиіс болған. — Мен Ойылға көптен бері бармадым, ондағы жағдайды да өз көзіммен көріп отырған жоқпын, — дейді балық саласының ардагері Бостон СҮЛЕЙМЕНОВ, — Менің ойымша, біріншіден, ол жердегі судың қаншалықты жеткілікті екенін анықтау керек. Ойылдың суы көршілес Ақтөбе облысынан келетіні белгілі, мүмкін, биыл аз келіп тұрған шығар. Екіншіден, су аз, мұз қалың болып, ою жұмыстары уақытылы жүргізілмеген жағдайда сутегінің жетіспеуінен балық қырылады… Мен Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы болып қызмет атқарып тұрған 1975-1980 жылдары аудандағы су тоғандары бізге қарады. Қызылқоға ауданында бір учаскелік инспектор жұмыс жасады. Бірақ, соның өзін азсынып, бұл аймақтағы жағдайды бақылауда ұстауды Индер аудандық балық қорғау инспекциясына жүктеген болатынбыз. Балық шаруашылығындағы науқандық жұмыстар кезінде бригадалар бөліп, шаруаға жұмылдыратын едік. Бүгінде инспекция күзде және көктемде аудандық әкімдіктерге «балық қырылуының алдын алу үшін мынадай-мынадай шараларды алуыңызды сұраймыз» деген мазмұнда хат жазады, ол тіркеледі – болды. Қызылқоға ауданы қашық болғандықтан инспектор бармайды, жергілікті халық балықтың жайын біле бермеуі, мән бермеуі мүмкін. Менің ойымша, егер Ойыл бұрынғыша аумақтық инспекцияға қарайтын болса, балықтың қырылуына жол берілмес еді.Бұдан бөлек, Ойылдағы балықтың қырылуын өндірістік факторлармен және сол жердегі тайсойған полигоны аумағын зерттеумен шұғылданып жатқан қытайлық компанияның жұмысымен байланыстырып жатқан алып-қашпа әңгімелер айтылып жатыр. Алайда, олардың нақтылығын анықтайтын ешқандай дерек жоқ.Фото: altaynews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:53
Сағынтаев Маминнен Шымбұлақты сұрап жүр
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55