"Олар диагноз қоя алмайды", Алматы облысында тұрғындар аурухана дәрігерлеріне шағымданды

Сайт әкімшілігі

11.08.2022, 09:23

1051

Алматы облысы тұрғындары Нарынқолдағы жалғыз аурухананың жағдайына және жергілікті медицина мамандарының біліксіздігіне шағымданып жатыр, — деп хабарлайды Жас Алаш  Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

«Олар диагноз қоя алмайды. Ауруымыздың белгілерін айтсақ, интернеттен іздей бастайды. Шынымды айтсам, олардың кәсібилігіне күмәнім бар», — дейді ауыл тұрғыны Әлібек Дәлденбаев.

«Осында жастардың көбі медбике болып жұмыс істейді. Бірақ нағыз дәрігерлер аз. Анам ауруханада жұмыс істейді, жас мамандардың білімі нашар дейді. Ал жоғары білікті мамандарға жағдай керек», — дейді ауыл тұрғыны Әсел Советбай.

Аурухананың өзі 80-жылдардың аяғынан бері жөндеу көрмеген. Медицина мекемесінің төбесінен су ағып, шамалы жел соққса, төбесі дірілдей бастайды. Қазір ауруханада 40 мыңнан аса адамға қызмет көрсетіледі.

«Жаңбыр жауса, үшінші, төртінші қабаттарды су басып кетеді. Мен өзім үшінші қабатта хирургияда жұмыс істеймін. Жаңбыр суы тамшылағанда баспалдаққа шелек қойып қоямыз», — деп мойындады хирургия бөлімінің қызметкері Жанар Ақбаева. 

Аурухана әкімшілігінің өзі медицина қызметкерлері жетіспейтінін, науқастар легі азаймай отырғанын мойындап отыр.

Бұған дейін облыс әкімі Райымбек ауданында болып, жергілікті аурухана мен тағы бес ауылдық дәрігерлік амбулаторияны жөндеуден өткізу, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру қажет екенін айтқан болатын.

Тегтер: медицина сын пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 14:38
Қазақ балалары – Венада
А.ЖАБАЙ 23.09.2022, 08:37
Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
Жадыра МҮСІЛІМ 22.09.2022, 17:25
Скринг саулықтың кепілі ме?
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:14
"Орташа тариф 250 теңге болады" - Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы айтты
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 21.09.2022, 08:48
Министр мұғалімдерге «мат» қойды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2022, 14:47
Жебе ұшындағы бөгет кімнің мүддесін көздейді?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41