Олар тәуелсіздіктің тұғырын көтергендер

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

18.08.2021, 18:25

1514

Тәуелсіздікті тәу етуге тер төккен қариялар  құрметке лайық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ»,- деп атап өткен болатын.  Бұл тұрғыда, тәуелсіздік алған жылдары елге өлшеусіз қызмет еткен аға ұрпақтың үлесі тарихта қалары кәдік.         Облыстағы «рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі  тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Үлкенге құрмет» жобасын бастады.

-Жаңа жобанының мақсаты-Егемендікті   баянды етуге  өлшеусіз үлес қосқан ел ағалары мен ел аналарының еңбегіне құрмет көрсетіп, олардың ерен істерін бүгінгі жас буынға үлгі етіп, халыққа паш ету. Жасыратыны жоқ, сол жасампаз жандар бүгінгі қоғамда ұмыт қалды. Түптеп келгенде, жаңа жобанының мұраты- бабалар жолын жаңа үрдіске сай жаңғырту,-дейді өңірлік жобанының басшысы, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов.

         Кеңсе қызметкерлері кеше алғашқы кейіпкер- Қарағанды қаласында тұратын Ұлы отан соғысының ардагері, «Ерлігі үшін» және  II-дәрежелі  соғыс орденінің  иегері Бүркіт Есжановтың шаңырағында болып, батыр ақсақалдың көңіліне қуаныш сезімін сыйлады.  Жоба аясында текті кейуаналардың  ұрпақ тәрбиелеудегі  тәлімгерлік қыры да, көпшілікке дәріптелмек. Солардың бірі-Егіндібұлақ ауылының Арқалық кешарында тұратын Рымтай Әбілдина. Сексеннің сеңгіріне шыққан аяулы әжей небары 20 жасында 6 баланың әкесіне тұрмысқа шығып, 14 құрсақ көтерген. Қажырлы ана 20 баланы мойымай асырап, әрқайсының бойына  ұлағатты тәрбие, ізгі қасиеттер сіңірген.  Осындай аңыз жандар аймақта аз емес. Осындай бірегей жандар қандай құрметке де лайық. Айта кетерлігі, ұлттық құндылықты дәріптеуге демеушілер де  ерікті түрде үлес қосуда. Облыстағы «Нұр-Әсем» ұлттық сән киімдер салонының директоры Венера  Исина жоба жетекшілерімен қадірлі қариялардың отбасына барып, өз қолдарынан шыққан қымбат бағалы шапон, камзолдарын үлестіріп жүр. Жетісіне бір кейіпкерге тағзым жасау  ісі тәуелсіздік  күніне дейін жалғаса бермек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:16
Ұсталған азаматтарды азаптап жатқаны рас па:Бас прокуратура жауап берді
Сайт әкімшілігі 09:50
Омикрон жұқтырғандардың 73 пайызында кездесетін симптом айтылды
Қуаныш Әбілдәқызы 23.01.2022, 16:09
Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшаларын қайта ашты
Сайт әкімшілігі 23.01.2022, 15:49
LRT-ның болашағы не болады?
Сайт әкімшілігі 23.01.2022, 15:19
Ришат Асқарбекұлы: "Жұрттың жанайқайын айтқан бір депутат көрсек, көзіміз шықсын"
Сайт әкімшілігі 23.01.2022, 14:58
"Бейбіт тұрғындарды қудалауды тоқтатыңыздар": Жаңаөзенде жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48